МТРА жаңалықтары

Ғ.Мүсірепов ауданында 9 жастағы бала суға батып кетті

Виктор Держанский – СҚО ТЖД жедел-құтқару жасағы жетекшісінің орынбасары:

-Новоселовка елді мекенінің маңындағы Береке өзенінде маусымның 9-ы күні 2007 жылы туылған бала суға батып кетті. Жыл басынан екі бала судың құрбаны болған. Осы орайда ата-аналарға айтарым, өз балаларыңызды өзен-көл жағаларында қараусыз қалдырмаңыздар.

Бүгінде күннің ыстығына да суығына да қарамастан адамдар суға шомылып жатыр. Мінекей, кәмелеттік жасқа толмаған бір топ балалар Есіл өзенінде жарысып жүр. Айтуларынша, суға түсу денсаулыққа пайдалы, бастысы – қауіпсіздік шараларын сақтау.

Вадим Пискарев:

-Мен суға шомылу маусымының қашан ашылғанын нақты білмеймін. Бұған дейін ауылда болғанмын. Мында келіп өзенге түсе бастадым. Осымен екінші рет келіп тұрмын. Суда жақсы жүземін. Мен тек осы жағажайға ғана келемін. Өйткені, қасыңда құтқарушылар бар, оның үстіне бұл жерде тереңдік қандай екенін білемін.

Жалпы жыл басынан өңірде 5 адам су құрбаны болған. Төртеуінің денесі табылса, бір азаматтыкін құтқарушылар әлі іздестіру үстінде.

 

 

Риат Шони