Аптадағы маңызды жаңалықтар

Әділет министрі Берік Имашев халық алдында есеп берді

Бұдан соң Берік Имашев ведомствоның атқаратын негізгі жұмыстарын баяндап берді. Әділет министрлігі – көпсалалы мемлекеттік орган. Әр түрлі жоспарлы тапсырмалар мен жаңа заңдарды орындаудың басым көпшілігі осы құрылымның міндетінде.

Берік Имашев – ҚР Әділет министрі:

-2015 жылы 30 жоспарлы және тағы сонша жоспарлы емес заң жобалары құрастырылды. Соңғылары “100 нақты қадам” Ұлт жоспарын жүзеге асыру мақсатында жетілдірілген. Жалпы біздің ведомство жыл сайын 6-8 заң жобасын құрастырып отырады.

Халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасын арттыру – сыбайлас жемқорлықпен күресудің негізгі басымдығы. Бүгінде министрлік 40-тан астам мемлекеттік қызметтерді көрсетеді. Ведомство басшысы Берік Имашев өз сөзінде аталған ведомство ішкі істер және қаржы министрліктерінен кейінгі ірі сала екендігін атап өтті.

Берік Имашев – ҚР Әділет министрі:

-Реестрге сәйкес Әділет министрлігіне мемлекеттік қызметтің 53 түрі бекітілген. Оның 40-ын ведомство өзі атқарады. Қалған 9-ы жергілікті атқарушы органдарға және 4 қызмет “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясына тиесілі.

Елбасы биыл Әділет министрлігінің жұмысын жоғары бағалады. Мемлекет басшысы жүктеген жекеменшік сот орындаушыларының институтын ары қарай дамыту тапсырмасы облысымызда қарқынды жүргізілуде. Біртіндеп мемлекеттік сот орындаушылардың қызметі қысқартылып жатыр.

Руслан Қақтай – СҚО әділет департаменті басшысының міндетін атқарушы:

-Қазіргі таңда облыста 39 жеке сот орындаушысы тіркелген. Оның 36-сы өз жұмысын істеп жатыр. Алдағы уақытта кезең-кезеңмен мемлекеттік сот орындаушыларының жұмысы қысқартылып, олардың өндірісі жекеменшіктерге жіберіледі.

Жалпы Әділет министрі Берік Имашевтың халық алдындағы есеп беру жиынына еліміздің барлық аймақтарынан тұрғындар онлайн байланысқа шығып, өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тұшымды жауап ала алды.

 

 

Риат Шони