Қоғам

Жыл басынан электрондық үкімет порталы арқылы 619 солтүстікқазақстандық неке қиюға өтініш берген

Екеуі де бұған дейін отбасын құрған, дәм-тұздары жараспағандықтан ажырасып тынған. Осыдан бір жыл бұрын танысқан қос ғашық, екінші рет отбасы құруға шешім қабылдапты.

Петр Кривощекин:

– Біз бір ай бұрын жергілікті АХАЖ бөліміне жүгініп, неке қиюға өтініш бердік. Мамандар бізге арызды электрондық үкімет порталы арқылы беруге болатындығын да айтқан еді. Жаңа ғана неке қию туралы куәлікті қолымызға алдық. Қуанышымызда шек жоқ, толқып тұрмыз.

Жалпы қазақстандықтар 2010-шы жылдан бері неке қию мен ажырасуға өтінішті электрондық үкімет порталы көмегімен беру мүмкіндігіне ие. Бірақ, жаңашылдықты алғашқыда пайдаланушылар қатары өте аз болған. Мамандар жыл өткен сайын электрондық үкімет порталының мүмкіндіктеріне жүгінушілердің саны өсіп келеді дейді.

Дмитрий Колода – СҚО Әділет Департаменті басшысының орынбасары:

– Біріншіден, “Электрондық Үкімет” порталы арқылы неке қиятын азаматтар сайтта тіркелуі тиіс және олар ҚР азаматтары болуы шарт. Екіншіден, бұл қос жұптың алғашқы некелері болғаны жөн. Бастысы, электрондық үкіметпен арыз берушілердің – электрондық цифрлық қолтаңбалары қажет. Аталған мемлекеттік қызмет түрі тегін, бірақ некені қиюға 1 АЕК мөлшерінде мемлекеттік баж салығы төленеді. Оның мөлшері бүгінде 2121 теңгені құрайды.

Мамандар некелерін қиятын жұптардың саны жаз айларында ерекше көбейетіндігін жеткізді. Осы кезекте айта өтсек, жыл басынан бері облыста 1177 тұрғын некелерін қиса, осының 826-сы жыл өтпей жатып ажырасып тынған.

 

Бакыт Садуакасов