МТРА жаңалықтары

Терек мамығы жұрттың мазасын алуда

Мұндай оқиғалардың алдын алу-мақстаныда төтенше жағдайлар қызметкерлері арнайы рейд өткізуде. Аулаларды аралап тұғындарға жадынама қағаздарын таратуда. Оларға айтып келмейтін тілсіз жаудың шығу себептерін түсіндіріп жүр.

Әзімхан Мерғасимов, Петропавл қалалық ТЖД инженері:

 

– Жыл басынан бері 100-ден артық өрт оқиғасы тіркелген, оның келтірген материалдық залалы 17 млн теңгені құрап отыр. Өрттен үш адам қаза тауып, төртеуі жапа шекті. Өткен тәуліктің өзінде терек мамығы 58 рет өртенген.

Оны тұтатып жіберетіндердің дені балалар. Жасөспірімнің білмей тұтатқан бір тал сіріңкесі үлкен төтенше жағдайға ұрындыруы мүмкін. Сондықтан мамандар бірінші орында түсіндіру жұмыстарын жеткіншектердің арасында жүргізу керек деп санайды.

Бетке ұшып, аяқ астына төгіліп мазаны қашырған мамықты қала тұрғындары қалай тазлау керек екенін біле ма екен, сұрап көрдік.

Акбопе Танирберген