Спорт

Петропавлдық теннисші ел біріншілігінің күміс және қола жүлдегері атанды

Ол осы уақыт аралығында бірнеше рет облыс чемпионы атанып үлгерген. Жерлесіміздің жұлдызы Алматы қаласында жасөспірімдер арасында өткен ел біріншілігінде жанды. Жас спортшы дүбірлі додада жекелей сында бірнеше мықты қарсыластарын тізе бүктіріп қола медальға ие болды.

Екатерина Пюрко – үстел теннисінен Қазақстан чемпионатының жүлдегері:

– Бұл менің өмірімдегі ең ірі жарыс. Сынға түскенде аздап қобалжу болды. Дегенменде мен топтық және ширек финалда 13 ойын өткізіп барлығында жеңіске жеттім. Ал, жартылай финалда оңтүстікқазақстандық қызға 5 партияның қорытындысы бойынша есе жібердім. Кейін, мені ұтқан қарсыласым ел чемпионы атанды.

Сондай-ақ, байрақты жарыста жерлесіміздің жұптық сайыстада асығы алшысынан түсті. Бұл сында оралдық әріптесімен бірге өнер көрсеткен жерлесіміз біріншілікте екінші орынға ие болды.

Ирина Пюрко – үстел теннисінен облыс құрамасының бас жаттықтырушысы:

– Бұл жарысқа еліміздің ең мықты деген жас ракеткашылары қатысты. Олардың шеберліктеріне жоғары баға беру қажет. Алайда, сайыста теріскей намысын шәкіртім Екатерина Пюрко жалғыз қорғап, жүлдегерлер қатарынан көрінді. Бұл облыс тарихында үстел теннисінен соңғы 25 жылда болмаған ең жоғары көрсеткіш.

Оңтүстік астанада өткен додаға еліміздің 13 өңірінен 200-ден аса спортшы қатысқан. Енді, жерлесіміз шілде айында Қырғыстан еліне оқу-жаттығу жиындарына аттанбақ.

 

Бакыт Садуакасов