МТРА жаңалықтары

Петропавлдағы ҚР ҰҰ Әскери институтында Ақтөбеде шейіт болған әскерилерді еске алуға арналған митинг өтті

Жиынға әскери институттың ұжымы толық жиылған. Олар қаралы күні өткізіліп отырған шараны бір минуттық үнсіздікпен бастады.

Ақтөбедегі 6655 әскери бөліміне жасалған шабуылдың нәтижесінде үш азамат қаза тапты. Олардың бірі офицер Даниэл Майлыбаев Алматыдағы оқуын бітірген бетте дәл осы мекемеде 2000-2003 жылдары аралығында курсант тәрбиелеуге ат салысып, кейін Ақтөбеге ауысқан. Марқұмның жарқын бейнесі әлі күнге дейін әріптестерінің есінде.

Жұмабек Ахметов, ҚР ҰҰ Әскери институтының бастығы:

-Біздің оқу орнында аға сержант шенінде жастардың тәрбие жұмыстары жөніндегі жетекшінің көмекшісі болып қызмет етті. Достары, әріптестері осында.

“Дін атын жамылған террористердің арам ойын жүзеге асыруға жол бермеген азаматтардың есімі ұмытылмайды. Отан алдында борышын абыройлы атқарып, мәңігілік сапарға аттанған әскерилердің ісі кейінгі ұрпаққа үлгі”, дейді жас курсант Ұлан Мақсотұлы.

Ұлан Мақсотұлы, ҚР ҰҰ Әскери инститының купсанты:

-Біз Ұлттық Ұланның жауынгерлері Ақтөбеде шейіт боған әскерилердің ісін ешқашан ұмытпаймыз. Үлгі алып, құрмет тұтамыз.

Кейін жас жауынгерлер Ақтөбеде шейіт болған Отан қорғаушылардың суретінің алдына қызыл қалампыр гүлдерін қойды.

 

 

Акбопе Танирберген