МТРА жаңалықтары

Эколог мамандар қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында 4 заң бұзушылықты анықтады

Күніне мұнда камаздар тонналап түрлі қоқыс әкеледі. Мінекей, заңсыз саудаланған алкогольдік өнімдерде осында жойылады.

Кейін барлық қалдықтарды инертті материалдармен оқшаулайды.

Азамат Бектасов – СҚО экология департаментінің бөлім басшысы:

– Полигонды пайдаланғанда барлық санитарлық және эпидемиологиялық талаптар сақталуы керек. Сонымен қатар онда қоқысты тығыздау үшін инертті материалдар болуы шарт. Өкінішке қарай, полигонда инертті материалдар жоқ.

Эколог мамандардың айтуынша қоқысты жағуға болмайды. Ауа ластанып, мұрынды жаратын түрлі жағымсыз иістер тарайды. Міне, соның зардабын бүгінде Шахавское елді-мекенінің тұрғындары тартып отыр. Ауылдағы ағайын дабыл қағып, шағымданыпты. Экологтар тексеріс жүргізіп, 4 бірдей заңбұзушылықты анықтаған екен.

Азамат Бектасов – СҚО экология департаментінің бөлім басшысы:

– Қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны “Петропавл-Коммунхоз” ЖШС-не тиесілі. Елді-мекен тұрғындары дабыл қаққанан кейін біз тексеріс жүргіздік. Нәтижесінде онда қоқыстың жануы анықталды. Салдарынан атмосфераға таралатын улы заттар шамадан тыс асып кеткен. Енді кәсіпорынға 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды.

Айта кету қажет, “Петропавл-Коммунхоз” ЖШС өткен жылы да полигондағы бірқатар бұзушылықтар үшін айыппұл төлеген.

 

Риат Шони