Білім

Дуалды оқыту жүйесі – заман талабы

Мұнда сабақта теорияны тыңдап болған соң, тәжірибелік тұсын студенттер теледидар арқылы бақылап ойларына тоқып отырады. “Автомеханик” мамандығын меңгеріп жүрген 2-ші курс студенті Алексей Деобольд, қазірден-ақ мұндай оқыту әдісінің тиімді екенін сезініп үлгерген.

Алексей Деобольд – Гуманитарлық-техникалық колледж студенті:

– Оқыту сыныбының ашылғаны жақсы болды. Қазір біз теорияны оқып, кейін станциядағы жөндеу жұмыстарын өзіміз жасайтын боламыз. Оған қоса, шеберлер білмеген жерлерді түсіндіріп отырады.

Оқу кабинетінің жұмысы колледж жанындағы техникалық қызмет көрсету станциясымен тікелей байланысты. Қазіргі кезде тәжірибелік жағын студенттерге 7 автомеханик маман үйретіп, әр тәлімгерге жекелей бағыт-бағдар беруде.

Андрей Тимофеев – Гуманитарлық-техникалық колледж жанындағы ТҚКС басшысы:

– Шеберлік сыныбының арқасында студенттер теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыруға мүмкіндік алады. Дуалдық оқыту жүйесі кәсіптік-техникалық мамандықты меңгерген түлектердің қызметке орналасу мүмкіндігін арттырады. Өйткені, олар толығымен жұмыс берушінің талаптарын орындай алады.

Колледж директоры Александр Мерк оқу кабинеті мен техникалық қызмет көрсету станциясынан тұратын орталықта іс-тәжірибеден өткен студенттер біліктілігін арттырып, еңбек нарығында сұранысқа ие болады дейді.

Александр Мерк – Гуманитарлық-техникалық колледж директоры:

– Ел экономикасын дамыту үшін білікті және бәсекеге қабілетті мамандар қажет. Оқу орнын аяқтаған маман жұмысқа бірден кірісіп кетуі үшін оқу үрдісі мен тәжірибені қатар жүргізуі тиіс. Елбасымыз 2020 жылға дейін техникалық және кәсіптік білім беру орындарының 50 пайызында дуалдық оқыту жүйесі енгізілуі қажет деп айтқан боалтын. Біз Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында жұмыс істеудеміз.

Бүгінде Гуманитарлық техникалық колледжде 12 техникалық мамандық бойынша 1000-нан аса студент білім алуда.

 

Бакыт Садуакасов