Қоғам

Биыл Қызылжар ауданына 32 оңтүстікқазақстандық отбасы көшіп келеді

Қазіргі уақытта жанұя мүшелері Қызылжар ауданындағы Красногорка селосында аудандық әкімдік паналауға берген жайлы баспанада түтін түтетіп отыр. Келе салысымен отағасы Өмірсейіт бірден елді мекендегі серіктестікке бақташы болып жұмысқа тұрған.

Өмірсейіт Әшіров – Красногорка селосының тұрғыны, Қызылжар ауданы:

– Құдай қаласа, осы жақта тұрақтап қаламыз деген үміттемін. Бәрі тамаша. Жұмыс берілді, жарыма да жұмыс беріледі деп жатыр. Бала-шағамыз да осындағы мектепке баратын болады. 02-00Мал бағу қиын емес, бір күн істеп, бір күн демаламын. 03-07Бұл жерде қазақ мектептері жоқ, көбі орысша болып кеткен, қазақтар да орысша сөйлейді.

Отасқандарына 16 жыл толған Өмірсейіт пен Айнұр Әшіровтердің 6 баласы бар. Үлкені биыл 8 сыныпты аяқтаса, артынан ерген іні-қарындастары балабақша жасында.

Күмісай Әшірова:

– Бұл жақта, әрине достар таптым. Жылдың аяғы болған соң, Бескөлдегі мектеп-интернатқа барып-келіп оқыдық. Ол жақтағы достарымды қимаймын. Барып тұрамыз ол жаққа. Барлық сабақты жақсы оқимын. Оқуда озатпын, тек қана – 5.

Алдағы уақытта Өмірсейіт Әшіров отбасымен осы өлкеде тұрақтап, мал шаруашылығымен айналысуды қолға алмақшы. ОҚО-дан көшіп келген тағы бір отбасы – Бекпембетовтер Бескөл аулында тұрып жатыр. Сайрам ауданы Ақсукент аулынан қоныс аударған жанұяға аудандық әкімдіктен уақытша 4 бөлмелі үй берілген. Отағасы Өмірсерік жергілікті “Ахмутдинов” ЖК-нде жұмыс істейді. Онда қызметке орналасқанына 1 айға жуықтапты.

Өмірсерік Бекпембетов – Бескөл аулының тұрғыны, Қызылжар ауданы:

– Бұл жақтың табиғаты ұнағандықтан осындай шешім қабылдадық. Ол жақта бұрын жеке кәсіпкерлікпен айналыстым. Кейін мұғалім де болдым. 04-40Ол жақта білесіздер халық саны көп.

Жанұя мүшелері күзде аудан орталығына жақын орналасқан Бәйтерек аулында салынып жатқан мектепке мұғалім болып жұмысқа тұрып, сол жерді мекендеп қалмақ. Жалпы, жоспар бойынша биыл Қызылжар ауданына Оңтүстік Қазақстаннан тағы 32 отбасы қоныс аударуы тиіс.

Тілеубай Есжанов – Қызылжар ауданы әкімінің орынбасары:

– 18 отбасы келіп қоныстанып жатыр. тағы 4-уі тағы келіп жатыр. Үй жағын ауыл шаруашылығы құрылымдары қамтып жатыр. Одан да басқа келген бетте, мемлекеттен көтермеақы беріледі. Отағасына 50 АЕК, ал қалған жанұя мүшелеріне 35 АЕК көлемінде ақшалай көмек көрсетіледі.

Биыл өңіріміздің 13 ауданындағы ауылдарға оңтүстік өңірден 101 отбасы көшіп келмекші.

 

Бакыт Садуакасов