Көлік және жолдар

Жүргізуші куәлігін автомектептердің көмегінсіз алуға мүмкіндік бар

Ал бүгіннен бастап темір тұлпар тізгіндеуге мүмкіндік беретін құжатқа болашақ жүргізуші автомектепте оқымай-ақ қол жеткізе алады. Оның жол ережелерін қаншалықты меңгергені арнайы емтихан арқылы тексеріледі. Тек курсанттар теориялық сұрақтарға өзі дайындалып, практиканы автомектепте меңгергені жөн.

Сергей Гизбрехт – СҚО ІІД тіркеу-емтихандық жұмыстар бөлімінің бастығы:


– Маусымның 7-нен көлік жүргізу куәлігін алуға қатысты түзетулер күшіне енді. Сынақтан өтетін азаматта У-083 үлгісіндегі медициналық анықтамасы мен жеке басын куәландыратын құжаты болуы керек. Бұл жерде курсант бірінші теориялық тапсырмадан сыналады. Егер емтиханнан сәтті өткен жағдайда әрі қарай практикалық сынақты тапсырады.

Қазірде облыс аумағында көлік жүргізушілерін даярлайтын 38 автомектеп болса, соның 9-ы Петропавлда жұмыс істеп тұр. Дегенмен орталықтардың дені ІІМ жаңа қаулысын аса қош көрмеді. Айтуларынша, автомектептің қатысуынсыз сынақтан өту – сапасыз дайындалған жүргізушілерді көбейтіп, жол-көлік оқиғаларының санын арттырады деп есептейді.

Қайыр Қошкулин – “АБВ-СК” автомектебінің нұсқаушысы

– Жол-көлік қозғалысындағы ережелерге түбегейлі қарсымын. Менің ойымша, керісінше автомектептерге деген талапты Заң тұрғысында күшейту қажет.

Солтүстікқазақстандық темір тұлпар иелері де, Заңдағы бұндай өзгерістерге күмәнмен қарайды. Өңір тұрғындары жол-қозғалысы ережелерін автомектептерде үйренген жөн деген пікірде.

Бакыт Садуакасов