Әр түрлі

Жекеменшік сот орындаушыларының жұмысы

Жеке деген аты болмаса, атқаратын қызметі сол қалпында. Олар борышкерлерден қарызды өндіріп алуға көмектеседі. 10 жылдан астам уақыт мемлекеттік сот орындаушысы болып еңбек еткен Ғафур Нұрсейітов 2011 жылы өз кабинетін ашыпты. Қазір мұнда 5 адам жұмыс істейді.

Ғафур Нұрпейісов- СҚ атқару округінің жеке сот орындаушысы:

– Біз жылына 5 мыңнан астам атқарушы істерді орындаймыз. Олардың қатары жыл санап артып келеді. Алимент, айыппұлдарды өндіріп алу, бұдан қала берді заңды және жеке тұлғалармен жұмыс жасаймыз. Негізінен бізге әкімшілік айыппұлдар көп түседі. Пайыздық негізде жұмыс істейміз.

Сондай-ақ, әділет департаменті мүлікті жария ету науқанына белсенді қатысуда. Сондықтан, баспанасы мен үй маңайындағы нысандарды заңдастыруға ниет еткендер жергілікті әкімдіктегі арнайы комиссияларға өтініш бере алады.

Гүлнар Қожахметова – СҚО әділет департаменті басшысының орынбасары:

 

– Петропавл қаласында жыл басынан 60 нысан заңдастырылды. Соның 48-і – тұрғын үйлер. Ал өткен 2015 жылы 216 нысан тіркелді. Еске сала кетейік, мүлікті жария ету науқаны жыл соңына дейін жалғасады.

Мүлікті жария ету науқаны басталғалы облыс бойынша 679 нысан заңдастырылған.

Магжан Ахмадина