ТЖ

Солтүстікқазақстандық екі азамат су құрбаны болды

Екі бірдей петропавлдық тұрғын су құрбаны болып отыр. Оның бірінің денесін құтқарушылар бір сағатта өзен жағасына шығарды. Ал екіншісі әлі табылған жоқ.

 

Ақбөпе Тәңірберген, тілші:


– Күннің жылылығын пайдаланған бірнеше азамат Есілдің жағасына демалуға келген. Оның екеуі суға түспек болып ішкілікті күйінде өзеннің рұқсат етілмеген жеріне секірген. Сол күйі қос азамат жағалауға оралмаған. Оқиға орнына дереу жеткен төтенше жағдайлар қызметкерлері іздеу шараларын жүргізіп жатыр.

Қазір судың температурасы 17 градус. Тереңдігі болса 10 метр. Оның үстіне өзен ағыны қатты. Өңірде суға түсу маусымы әлі ашылмаған. Осы сынды қарапайым ережелерді ескермеген адамдар бүгін су құрбаны болып отыр. Құтқарушылардың 1 сағаттан бергі іздеу жұмыстары нәтижесін беріп, су түбіне кеткен 1981 жылғы азматты жағаға шығарды. Мамандары оқиғаға түсініктемені тек екінші күні берді

Сергей Черкасов, СҚО ТЖД суда құтқару отрядының басшысы:

– 6 маусым күні бізге екі азаматтың суға кеткені туралы хабар келіп түсті. Кейін мәлім болғандай, 4 адам су жағасында отырып, спирттік ішімдік қабылдаған. Үш ер азамат және бір әйел. Нәзікжандының егде тартқан күйеуі суға түскен. Оның жоғалып кеткенін аңғарған 85-ші жылғы бөтелкелесі артынан құтқармақ болып секіріпті.

Бүгін міне он сезініші сағатқа кетті егде жастағы екінші ер адамның денесі әлі іздестірілу үстінде. Құтқарушылар бөгет маңын қарастырып жатыр. Жұбайы болса әлі аза тұтып, жоғалып кеткеніне сене алмауда. Оған өзен жағасына келген жедел-жәрдем қызметі көмектесуде. Айту керек бұл жыл басынан өңірде орын алып отырған үшінші суға бату оқиғасы. Ең алғашқысы 1 наурыз күні тіркелген болатын.

Акбопе Танирберген