Қайырымдылық

Қаланың танымал тұлғалары даяшы болып қайырымдылыққа ақша жинады

Нақтырақ айтсақ, тілшілер, блогерлер, жүргізушілер мен депутаттар даяшы болып жұмыс істеді. Барлығы – 6 адам. Олар мейрамханаға келген қонақтарға өз қызметтерін көрсетіп, бұл істің қаншалықты қиын екендіктерін көрді. Бес сағаттың ішінде шараға қатысушылар 100 мың теңгеге жуық шайпұл жинап үлгерді. Бұл қаржының барлығы Сәбилер үйіне жолданды.

Сайран Хамзин – “СҚО рестораторлар мен отельерлер қауымдастығы” ҚБ төрағасы:

– Даяшы болу оңай емес. Ол – мейрамханадағы басты адам, мекеменің беті десе де болады. Бізде қазір даяшылар барынша шайпұл жинаулары керек. Кімдікі мол, сол үздік атанады. Ал қаржының барлығы қайырымдылыққа, Сәбилер үйіне жолданады.

Риат Шони