Спорт

Петропавлда жүгіруден Жасыл марафон өтті

«Сбербанк» акционерлік қоғамының мұрындық болуымен өткізіліп отырған шарада қатысушылар ерлер, әйелдер және балалар болып үш топқа бөлініп жарыспақшы. Шара таңғы жаттығудан басталды. Спорттық жарысты ұйымдастырудағы мақсат – халықты салауатты өмір салтын ұстанып, экологиялық мәселелерге назар аударуға шақыру.

Петр Салохин – “Сбербанк” АҚ ЕБ Петропавл қалалық филиалының директоры:

– Спорттық шараларды біздің банк әрқашан қолдайды. Бүгінгідей сайыс Ресейдің 42 қаласында 5 жылдан бері өткізіліп келеді. Қазақстанда 3 жылдан бойы ұйымдастырудамыз. Былтыр 5 қалада өткізсек, биыл 9 қалада қолға алдық. Мақсатымыз – деннің саулығын қолдау ғана емес, қаланың абаттандырылуына да ат салысу.

Жасыл марафонға паралимпиада ойындарының жүлдегері Олег Сысолятин де келген. 2-ші топ мүгедегі 84 жылдан бері жеңіл атлетикамен айналысады. Осы іспеттес шаралар жиі өткізіліп тұрса жастар спортқа көбірек көңіл бөлер еді дейді ол.

Олег Сысолятин, жарысқа қатысушы:

– Жарыстарға жиі қатысамын. Түрлі марафондарға, сайыстар мен олимпиадаларға қатысып, үздік үштіктен көрініп жүрмін. Бірнеше күннен кейін тағы да жарысқа қатысқалы отырмын. Осындай шаралар салауатты өмір салтын ұстануға баулиды.

Бірініші кезекте 16-35 және одан ересек жастағы ерлер жарыс жолына шықты. Олар 4 шақырым 200 метр қашықтықты бағындырулары тиіс. 17 жастағы Вадим Левченко бірінші айналымда-ақ суырылып алға шықты. Соңына дейін осы бетінен тайынбаған спортшы 13 минут 17 секундта мәреге бірінші болып жетті.

Вадим Левченков, жарысқа қатысушы:


– Жеңіл болды. Қашықтықты оңай бағындырдым. Күнделікті 15-20 кмге жүгіріп дайындаламын. Сондықтан, қатты шаршаған жоқпын.

Одан кейінгі кезекте жарыс жолына нәзіжандылар шықты. Сбербанк ұсынған бағалы сыйлықтардан олар да дәмелі. Айту керек, бүгін банк қызметкерлері «Жеңіс саябағындағы» аллеяға 14 түп тал екті.

 

Акбопе Танирберген