Без категории

Петропавлда СҚО-ның 80 жылдық мерейтойына орай жаңа кітап шықпақ

Азаматтың отбасы 1932 жылы Петропавлға қоңыс аударыпты. Сол кездері ол небәрі 10 жастағы бала болған екен. Дегенменде қарияның есінде аштық жылдарындағы қаланың ұсқынсыз көрінісі айна-қатесіз сақталған.

Сергей Пресняков – тарихшы-өлкетанушы:


– Алғаш рет Петропавлға көшіп келгенде мен “Үлкен ауылға” түскендей болдым. Мында сол жылдары барлық ғимараттар ескі болатын. Көшелер тар, саябақтар деген атымен жоқ еді. Кейін Петропавлда отбасымызбен қалдық. Осында №44 мектепке білім алдым. Оқу ошағында өте белсенді оқушы болдым. Мектепте түрлі қабырға гезеттерін шығаратынмын.

Сергей Пресняков – халыққа тарихшы-өлкетанушы ретінде танымал. Ол теріскей өңірі жайлы 10-ға жуық кітаптың дүниеге келуіне ат салысты. Автордың алғашқы еңбегі – 1985 жылы жазылыпты. Туындыда ХIХ-ХХ ғасыр басындағы Петропавл тарихы жазылған. Кейін, азамат СҚО жайлы энциоклопедия дайындауға мағлұмат іздейді. Бұл 1990 жылдардың кезі болатын.

Сергей Пресняков – тарихшы-өлкетанушы:

– Бұл энциоклопедияның мен үшін маңызы өте зор. Өйткені, бұл еңбекті басып шығару үшін 12 жыл уақытымды сар еттім. Туынды ішінде 320 мақалам жазылды. Бұл құнды дүниелерді іздеп табу үшін елімізбен Ресейдің мұрағаттарын ақтардым. Осылайша СҚО туылған тұлғалар, ғимараттар мен жер-су аттары жайлы мақалалар жаздым.

Енді Сергей Пресняков тура 20 күннен кейін 94 жасқа толады. Дегенменде қария әлі тың. Ол бос уақытта қолына қалам алып, өзінің сүйікті ісімен айналысқанды ұнатады.

Алла Нургалиева – Сергей Пресняковтың жұбайы

– Сергей Михайлович – өте зерек адам. Ол үнемі жаңа мақала жазу үшін қызықты мағлұматтарды іздейді. Далаға шыққанда не болмаса жиындарға қатысқан өзінің қойын дәптерін керекті деректерді түртіп алады. Кейін оны үйге келгесін асықпай талдайды.

Жуырда Сергей Михайловичтің тағы бір сиясы кеппеген туындысы жарыққа шықпақ. Бұл еңбекте автор Абылайхан, Кенесары тұсында өмір сүрген батырлар және Ұлы Отан соғысына қатысқан солтүстікқазақстандықтар жайлы жазыпты. Жаңа кітап – СҚО 80 жылдық мерейтойына арналған.

 

Култанов Байболат