ТКШ

Биыл қаладағы 17 жалдамалы-коммуналдық баспанаға жөндеу жүргізіледі

 

Ғимарат 2003-ші жылы Береке ықшам ауданында тұрғызылған. “Петропавл тұрғын үй қызметі” ЖШС биыл баспанаға күрделі жөндеу жасауда. Олар жуырда үйге жылу реттегіш құрылғы орнатқан. Тозығы жеткен подъездердің ішін сырлап, әктеген. Енді қираған кіреберістерін жаңаламақ.

Салиха Алкешева – “Петропавл тұрғын үй қызметі” ЖШС бақылаушысы:


–  Қазір подъездердің маңына жөндеу жасаудамыз. Кейін ғимараттың қас бетін әктейміз. Бұл жұмыстардың барлығын қолдан келгенше істеудеміз. Тұрғындарда атқарылған іске алғыстарын білдіруде. Сондай-ақ, мамандар бірқатар нысандарға бейнебақылау құралдарын орнатуды жоспарлап отыр.

Пәтер иелері ғимаратқа қызмет көрсететін “Петропавл тұрғын үй қызметі” ЖШС әр шаршы метр үшін 27 теңгеден төлейді. Мәселен, Рахат Әзімбаеваның 3 бөлмелі баспанасы бар. Отбасы ай сайын 1500 теңгеден өтейді. Бұл ақшаға серіктестік қызметкерлері подъездердің ішін айын 4 рет жуып-шаяды екен.

Рахат Әзімбаева – Ы.Ыбыраев көшесі 17а үйінің тұрғыны:

 


–  Басында біз әр шаршы метр үшін 10 теңгеден төлейтінбіз. Ол кезде жалпы сомма айына 800 теңге болатын. Кейін, қызмет көрсету құны 27 теңгеге өсті. Біз қымбат болған үшін дау көтердік. Сонда бізге сантехник, электрик аула сыпырушылар осы ақшаға бір жерден қызмет көрсететінін айтып түсіндірді.

Биыл қала бюджетінен шаһардағы 17 жалдамалы-коммуналдық баспанаға жаңғырту жұмыстарын жүргізу үшін 10 млн теңге бөлінген. Қалпына келтіру жұмыстарын “Петропавл тұрғын үй қызметі” ЖШС жүргізеді. Айта кеткен жөн, елімізде өткен жылдың тамыз айынан бастап көпқабатты үйлерге басқарушы компаниялар қызмет көрсету мүмкіндігіне ие болған еді. Олардың әрбірі 30 баспанаға дейін иелік ете алады.

Култанов Байболат