Аптадағы маңызды жаңалықтар

Петропавлдағы құрылыс нысандарының сапасы көңіл көншітпейді

 

Мұнда 50 адам жұмысқа тартылған. Құрылысқа облыстағы өндірушілердің материалдары пайдаланылуда. Алғашқы үйдің іргетасы құйылған. Бірақ, құрылыс қарқынына аймақ басшысының көңілі толмады.

Ерік Сұлтанов – СҚО әкімі:


–  Тәулігіне 25-30 өнімнен орналастыру қажет. Өйтпеген жағдайда, биыл мына құрылыс аяқталмайды. Ал оны қаншама адамдар күтуде. Сапасына да назар аударыңыздар. Жаз уақытында осы екі үйдің де монтаждау жұмыстарын аяқтау керек. Сосын инженерлік жүйелер мен әрлеу жұмыстары ғана қалады.

Ал мына 5 қабатты нысандарда жұмыс қызу жүруде. Құрылыс алаңында қабырғалар сыланып, терезелер орнатылуда. 3 көпқабатты баспана жаз маусымының соңында тапсырылуы тиіс. Уақыт аз қалды. Сондықтан, үлгермей қалу қаупі бар.

Бұл жерде тағы бір 5 қабатты үйді тұрғызу жоспарланған. Нысандағы шаруа наурыз айында басталды. Аймақ басшысы жұмысқа қарқын қосу керектігін айтты. Ал Юбилейная-Семашко көшелерінің қиылысындағы 2 үйдің бірін осы айдың аяғында тапсыру көзделген. Қазір ауладағы жұмыстарды орындау ғана қалған. Абаттандыру шараларын жүргізуге техника кедергі келтіруде деп ақталды мердігерлер.

Осылай облыс әкімі Ерік Сұлтанов мердігер компаниялардың жұмысын қатаң сынға алып, жауапты ведомство басшыларына мердігерлердің жұмысын бақылауға алуды тапсырды. Өңір жетекшісі Бәйтерек аулында бой көтеріп жатқан мектептің құрылыс алаңында да болды. Ағым дағы жылдың 1 қыркүйегінде қолданысқа берілуі тиіс оқу ордасы 300 орынға шақталған. Қазір нысанның бірінші қабаты қаланып, инженерлік желілер тартылуда. Ерік Сұлтанов жұмысқа қарқын қосу қажет деді.

Магжан Ахмадина