Спорт

Өңір спортшысы муайтайдан өткен әлем чемпионатынан 1-ші орын алды

Ол осы уақыт ішінде көптеген жетістіктерге жеткен. 6 дүркін Қазақстан чемпионы атанған. Омбы қаласында өткен дүбірлі додада да жеңген. Ал, Ташкентте муайтайдан ұйымдастырылған ашық әлем чемпионатына қатысып, қанжығасына бас жүлдені байлады.

Руслан Заякин – спорт шеберіне үміткер:

– Бірінші кездесуде қырғыз спортшысымен бақ сынастым. Сонан соң, финалдық кездесуде өзбекстандықпен сынасып, жеңіске жеттім.

Әлемнің 6 елiнен келген 200-ге жуық спортшы арасынан жүлдегер атану оңай емес,- дейді жас спортшының бапкері Руслан Молдыбаев

Руслан Молдыбаев – бапкер:

– Мұнда Өзбекстан, Қырғызстан, Иран,Тәжікстан, Ресей және біздің еліміздің спортшылары сынасты. Тартыстар өте қиын болды. Бұл жарысқа Руслан екеуміз күні-түні дайындалдық. Ол тіпті, наурыз айында Тайландқа 1 айға барып, сол жерде де жаттықты. Енді, міне нәтижесін көрудеміз.

Қазіргі уақытта, Руслан Заякин кезекті әлем чемпионатына қызу дайындық үстінде.

Тоғжан Ақмағамбетова