Білім

Бүгін солтүстікқазақстандық 785 түлек ҰБТ тапсырды

Олар оқушыларға берілетін жауап парақшалары мен бланктерді алып, тиісті қағаздарды рәсімдеулері қажет. Ал сынақ кітапшалары міне, мөрі басылған мына екі қапта жатыр. Барлығы 9 қорап. Бірақ оны ең алдымен бақылаушылар қарап, бұл жерде ешқандай заңбұзушылықтың орын алмағанын тексереді. Бұдан соң ғана олар аудиторияларға жіберілмек.
Ал бұл уақытта университет маңы ырду-дырду. Қобалжыған түлектер, балаларын қолдауға келген ата-аналар мен шәкіртерінің біліміне сенген ұстаздар қауымы да осында. Жиылғандардың тілегі бір – тестілеуден сүрінбей өту. Өйткені, бұл сынақ мектеп түлектері үшін ЖОО түсуге мүмкіндік береді.

Талапкерлер сынаққа кірмес бұрын тыңғылықты тексеруден өтті. Бұл «шпаргалка» немесе байланыс құралдарын аудиторияға жібермеудің амалы.
Сақтық шаралары ретінде барлық аудиторияларға бақылау камералары, 3G, 4G, Wi-Fі сигналдарына қарсы қондырғылар да орнатылған.
Ал мынау 340-шы нөмірлі 5-ші аудитория. Мұнда бүгін бірден 70 түлек тестілеуден өтпек. Солардың бірі – Савелий Шатохин. Ол сынақтың нәтижелі болатынына сенеді. Өйткені ұстаздары мен өзі бұл мақсатта көп тер төккен.

Савелий Шатохин – №1 лицейдің түлегі:


–  Бесінші пән ретінде мен биологияны таңдадым. Омбы қаласының университетінде агроном мамандығын игергім келеді. Алдыңғы байқау сынақтарында 98 ұпай жинап жүрдім. Ал бүгін сәл қобалжып тұрмын. Дегенмен, ата-анамның үмітін ақтап, жоғары балл жинап шығамын деген ойдамын.

Сынақтың алғашқы күнінде 12 мектептің түлектері барлығы 9 аудиторияда бақтарын сынамақ.

–  Міне жаңа ғана 332 оқушы аудиторияларына кіріп, маңызды сынды бастап та кетті. Енді 3,5 сағат ішінде түлектер қобалжуларын басып, тиісті 5 пәннің 125 сұрағына жауап берулері қажет.

Бәрінен де бұл күні ата-ана қауымының қатты қобалжитыны рас. Сыртта тағатсыздана күткендерге аудиториядан тікелей онлайн режимінде байланыс қосылып тұрды.

Динар Әбенова – ата-ана:

– Бүгін ең қуанышты күндеріміздің бірі. Кенже қызым ҰБТ тапсырып жатыр. 00:22-34/ Қазір балалар 5-ші аудиторияда отыр. Жұма күні олар үшін сәтті болады деген ойдамын. Юалаларға сәттілік, жақсылық, амандық тілейміз.

Міне, сынақты тапсырып болған оқушылардың да төбесі көрінді. Бірі көңілді, енді бірі әлі де қобалжулы көңілмен шығып жатты. Өйткені, кейбіреулері үшін бұл тест қиын болған сыңайлы. Бірақ, өз білімдеріне сенген оқушылар тестілеуден жақсы ұпай алатындарына үмітті.

Диана Сәрсембаева – №2 Смирново орта мектебінің түлегі, Аққайың ауданы:

 

– Мен биология пәнін таңдадым. Бірақ, маған математика қиынға соқты. Бірақ есептерді баппен, дұрыс шығаруға тырыстым. Шпоргалка қолданатын мүмкіндік те болған жоқ. Өз білімімізщге сендік.

Жалпы бұл күні облыс бойынша 785 оқушы ҰБТ тапсырды. Алғашқы күннің қорытындысында түлектердің бірі қуанса, енді бірі тест нәтижесін естіп, көңілі жабырқады. Бүгін өңір бойынша орташа ұпай 84,8 ұпайды құрады. Ең жоғарғы балды БЭСТ гимназиясының оқушысы иеленген. Ол 120 сұраққа дұрыс жауап беріпті. Ал ең төмені 39 ұпайды құраған. Осылайша 33 түлегі шектік баллға қол жеткізе алмапты.

–  Айту керек, биыл ҰБТ шектік балл жинай алмаған түлектер тамыз айында тағы бір рет бақтарын сынай алады. Бірақ бұл шара ақылы түрде жүргізілмек.

Айгерим Ержанова