Спорт

“Ақ бидай-2016” жазғы спорт мерекесі аясында президенттік көпсайыстан жарыс басталды

Александр Мицых – жарыстың бас төрешісі:

-Президенттік көпсайыс 4 спорт түрінен өтеді. Ол – жүгіру, пневматикалық мылтықтан ату, жүзу және граната лақтыру. Сайыскерлер ұпайды әр спорт түрінен жинайды. Кейін барлық балдар қосылып, жеңімпаз анықталады.

Уәлиханов ауданының 23 жастағы спортшысы Ләйлә Сатбекова мұндай сайысқа алғаш рет қатысуда. Ол жарысқа бірнеше ай бойы дайындалып, жаттығып келіпті. Дәл қазір сөре сызығының алдында жүгіруге дайындалуда.

Спортшы қыз 100 метрге жүгіруден үшінші болып келді.

Ләйлә Сатбекова – жарысқа қатысушы, Уәлиханов ауданы:

-Жүгіру маған оңай болды. Ертең граната лақтырамыз және жүземіз содан соң 2000 метр қашықтыққа жүгіреміз.

Жалпы, жарыс 3 күнге жалғасады. Президенттік көпсайыстың жеңімпаздары маусымның 4-і белгілі болады.


 

Тоғжан Ақмағамбетова