МТРА жаңалықтары

Облыс әкімі Ерік Сұлтанов қала сыртындағы демалыс орындарын аралады

Сондай-ақ, облыс әкімі демалыс орнында жуырда ашылған мейрамхана ішін де аралап, бағасын берді. Кең әрі жарық нысан қазірден келушілердің үлкен сұранысына ие. Келесі кезекте өңір жетекшісі ашылғанына әлі жыл өтпеген “Green Park” демалыс аймағына аялдап, мекеме ішін аралады. Қала сыртында орналасқан туристік нысан соңғы үлгідегі жабдықтармен жарақталып отыр.

Максим Калинин – «Green Рark» таңдаулы отбасылық парк-отелінің директоры:

-Демалыс орны бірнеше үлкенді-кішілі ғимараттардан тұрады. Мысалға, мына жазғы үйлерге тоқталар болсақ, бұнда ерекше үлгідегі жатын орындары бар. Олардың әрқайсысы адам үшін жайлы етіп жасалған.

Көрікті мекен басшылығы кішкентай келушілердің уақытын қызықты өткізулері үшін балалар алаңқайын жасауды да ұмытпапты.

Бұдан кейін өңір жетекшісі теріскейлік құтқару жасақтарының жазғы суға түсу маусымына әзірліктерін байқады. Осы жерде аймақ басшысына сала мамандары техникалық мүмкіндіктерін паш етіп, суға батып бара жатқан адамды құтқару операциясынан үзінді көрсетті.

Алтай Тезекпаев – СҚО ТЖД жедел құтқару жасағының жетекшісі:

-Жедел-құтқару жасағының дайындығын көрсеттік. Осы 15-ші жылдың аяғында 2 бірдей жаңа көлікке ие болдық. Жол талғамайтын – “Трекл” және “Камаз”. Қазір тұрғындар судың салқындығынан суға шомылып жатқан жоқ әлі, әйтсе де біздің жасақтар дайын.

Жалпы биыл Пестрое көлі мен Есіл өзенінде суға түсетін тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 56 құтқарушы мен 17 бірлік құтқару құралдары сақадай-сай тұр.

 

 

Бакыт Садуакасов