МТРА жаңалықтары

Маусым айы жылы болады

Жаздың алғашқы күнін солтүстікқазақстандықтар қалың күртемен қарсы алды. Енді ғана күн көзі шығып, тұрғандырды қуантқан ауа-райы бірнеше жұмаға осы күйінде тұрақтамақ. Бірақ, 5 маусым күні үйден қолшатыр ала шығуды ұмытпаңыз.

Аслан Қажырахимов, “Казгидромет” РММ СҚО бойынша филиалы метеоболжам бөлімінің инженер-синоптигі:

-Жауын-шашынның айлық мөлшері мөлшер шамасында және мөлшерден көп болады.

Бау-бақша өсірушілер үшін мүлдем алаңдамауға болады. -1 градусқа дейінгі кішігірім қатқақ айдың ортасында кей жерлерде ғана орын алмақ. Ал, маусымның 20-нан кейін күн райы 30 градусқа дейін ысығанымен, аңызақ жел доғарылмайды. Тұрғындар болса “Жауын-шашынның болғаны жақсы, бірақ күн салқындамаса екен” дейді.

Айту керек, дәл осы ай жазғы күн тұтылумен сәйкес келеді. Құбылыс 22 маусымда күтілуде. Бұл – 17 сағат 33 минутқа жалғасатын осы жылдағы ең жарық күн болмақ.

 

Акбопе Танирберген