Аптадағы маңызды жаңалықтар

Береке шағын ауданында шіркеудің құрылысы басталды

Ерік Сұлтанов- СҚО әкімі:

-Бұл облысымыз үшін маңызды оқиға. Елбасымыз діни келісім мен этносаралық бірлік ел дамуының берік іргесі деп айтады. Қазақстандықтар татулық пен достықта өмір сүріп келеді. Соның арқасында мемлекетіміз көркейіп, дамуда. Сондықтан құрметті православ сенімдегілер сіздерді жаңа храмның құрылысының басталуымен құттықтаймын.

Храм 300 орынға шақталмақ. Нысан демеушілер мен қала тұрғындарының садақасы есебінен жиналған қаржыға тұрғызылатын болады. Жалпы бұл Петропавлдағы осымен 5-ші шіркеу болмақ.

Александр – Астаналық және Қазақстандық митрополит:

-Бұл храм барлық жер бетіндегі тіршілік иесінің амандығын тілеген Қарағандылық Севастиан мен Мария Магдалинаның құрметіне тұрғызулуда. Діни нысан тағы ел тәуелсіздігінің 25 жылдығында бой көтереді. Өйткені православ сенімдігелірдің де ел тыныштығын сақтауда, оны нығайтуға қосқан үлесі зор.

Өңірге келген Астаналық және Қазақстандық митрополит – Александр шіркеуге қасиетті әулиелердің сүйегін сыйға тартты. Кейін облыс әкімі Ерік Сұлтанов екеуі жаңа нысанның құрылысын растайтын капсуланы орнатты. Береке ауданының тұрғындары болса, жақын маңда храмның тұрғызылатындығына қуанышты.

-Енді біз күнде шіркеуге келе аламыз. Бұрындары қаланың орталығына сабылу қиынға соғатын. Әсіресе мерекелерде храмдардың іші лық толы болып, ұзақ күту керек болды.

-Енді осы шіркеудің ашылуын тағатсыздана күтетін боламыз. Өте қуаныштымын.

-Күллі православтықтар үшін маңызды оқиға. Сондықтан барлығын осы мерекемен құттықтаймын.

Шіркеудің құрылысы 2018 жылы аяқталады деп жоспарланған.

 

 

Магжан Ахмадина