Қоғам

Петропавлдға Казан қаласынан Құдай ана иконасы әкелінді

Бүгін әкелінген икона облыс орталығындағы Вознесение Господня соборында маусымның екісі кешкі сағат 5-ке дейін тұрақтайды. Сенім бойынша, ол – аса қасиетті ескі жәдігерлердің бірі. Ауру адамның оңалуына, кішкентай балалардың болашағының жарқын болуына көмектеседі. Құдай Ана иконасының құрметіне құлшылық етем деп келген христиан жамағаты собор маңында ұзын-сонар кезекке тұрды.

Владимир, Петропавл және Булаев епархиясының епископы:

-Бүгін біз үшін үлкен мереке. Тарихи күн. 16-ғасырда пайда болған православ сеніміндегілердің ең қасиетті иконаларының бірі біздің өңірімізге әкелінді. Енді ол Казан қаласына қайта жөнелтіледі. Айта кетейін, қасиетті икона бірнеше соғыстарды тоқтатуға көмектескен. Негізі Қазандағы Богородица монастырінде сақталады. Біз бүгін Қазақстанымыздың тыныштығын, ел амандығын тіледік.

 

Акбопе Танирберген