Құқық қорғау органдары

Петропавлда заңсыз жұмыс жасаған наубайхана анықталды

Спартак Қабденов – СҚО ІІД қызметкері:

-Цехті тексеру барысында екі Өзбекстан азаматы ұсталды. Олар 2-3 апта бұрын осында келіпті. Қазір оларға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.

Мұнда күніне 400-ге жуық нан өнімдері дайындалған. Кейін олар сауда орындарына жеткізіліп отырған.

Здесь чем вы занимались?

Баходир Юлдашев – Өзбекстан мемлекетінің азаматы:

-Лепешки пекли.

Где жили?

Баходир Юлдашев – Өзбекстан мемлекетінің азаматы:

-Здесь

Осыдан-ақ, санитарлық талаптар жайлы сұраудың өзі артық екендігін аңғаруға болады. Фискалды орган өкілдері заңсыз кәсіпкерлікпен айналысу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастап кетті. Қазіргі таңда астыртын наубайхананың иесі анықталу үстінде.

 

 

Магжан Ахмадина