Балалар

Петропавлда ұшу аппараттарын сынаудан облыстық жарыс өтті

Бұл дәстүрлі дода 12 жыл қатарынан өткізіп келеді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жыл сайын қатысушылардың саны артуда. Биыл олардың саны 60-тан асады.

Владимир Воронов – қазылар алқасының мүшесі:

-Бірінші сайыста тегіс батпырауықтарды, содан кейін, қорапшалы батпырауықтарды, планерларды, электр құрылғыларымен басқарылатын аппараттардың ұшуын бақылайтын боламыз. Біз олардың құрылысына, безендірілуіне және жасалу жолдарына назар аударамыз. Сонымен бірге, аспанда көп уақыт қалықтаған ұшу аппараттары жүлдеге ие болады.

10 жасар Дамир Зейнуллаев жарыстың бұл түріне алғаш рет қатысуда. Ол жалпақ батпырауық жасап оны ерекше безендіріп әкеліпті. Ол ұшу аппаратын құрастырудан гөрі оны аспанға жіберу қиын дейді. Дегенмен де Дамирдің батпырауығы биікке көтерілген екен.

Дамир Зейнуллинов – Қазақ мектеп-гимназиясының 5-сынып оқушысы:

-Батпырауығым менің алысқа ұшты. Бұлттардың қасында деп ойлаймын. Өйткені, басқаларға қарағанда мен жіпті көп жібердім. Жүгіргенде өзінен-өзі алысқа көтерілді. Меніңше, аспанға ең жоғары ұшқан менікі.

Жарыс нәтижесі бойынша жеңімпаздар диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталмақ.


Тоғжан Ақмағамбетова