Балалар

Петропавлда 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесі атап өтілді

София Скакова – “БЭСТ” мектеп-гимназиясының оқушысы:

-Біз күннің көзін салып, оның шуақтарына түрлі сөздерді жаздық. Мәселен, мейірімділік, бейбітшілік, татулық деген жақсы сөздер бар. Бүгінгі мереке барлық балғындарға құтты болсын.

Ал мына жерде оригами сайысы өтіп жатыр. Балалар қағаздарды бір-біріне жапсырып, түрлі бұйымдар әзірлеу үстінде. №5 орта мектеп оқушысы Карина Калинина мерекелік ашық хаттарды жасап, өз өнерін паш етті. Ал бұл хаттарға тұрғындар өздерінің ізгі тілектерін жазып, мына ағашқа іледі.

Карина Калинина – №5 орта мектеп оқушысы:

-Біз квиллинг элементтерін, сулықтардан гүлдерді жасап жатырмыз. Олардың барлығын жапсырып ашық хат әзірлейміз. Оны кез келген адам алып, ішіне ізгі тілектерін жаза алады.

Барлығы шат-шадыман. Балғындардың көңілдері көтеріңкі. Оларға бүгін “Улыбка” қайырымдылық қоры тегін балмұздақ таратып қуантты. Оның үстіне бесік арбалардың шеруі өтті. Бірі өз арбасын танк қылса, енді бірі күлшеқыз каретасына айналдырған.

-Бүгінгі мерекеде кішкентай балғындардың сүйікті кейіпкері Спанчбобты да кездестіруге болады. Шардан жасалған кейіпкермен кез келген адам сэлфи жасай алады.

Ал Иван Шухов атындағы кітапхана қызметкерлері балғындардың білімін тексерді. Түрлі викториналық сұрақтар қойып, дұрыс жауап бергендеріне сыйлықтар табыстады.

Мәселен, мынау – облыс картасы. Бұны 13 ауданның мектептері жасаған екен. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын бейнелепті.
1-ші – маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған шараға қатысқан кез кезген балғынның езуіне күлкі ұялаған. Бүгін олар өз армандарымен бөлісіп, көтеріңкі көңіл-күйде екендерін айтты.

-Менің арманым – Флэш секілді әлемдегі ең жылдам адам болу. Міне, шарда бейнеленген менмін.

-Бұл мерекеде барлығына денсаулық, махаббат тілеймін. Кез келген адамның ойлаған арманы орындалсын. Бастысы бейбітшілік мәңгі болсын.

Мерекелік шара жас әртістердің концертімен жалғасты.


 

Риат Шони