Спорт

Петропавлда жас велошабандоздар біріншілігі өтті

Асан Серіковтың басты қарсыласы – 16 жастағы қыз Алина Саркулова. Бойжеткен бірінші айналымды ойдағыдай өткергенімен, екінші кезеңде құлап, велосипедін сындырып алды. Соған қарамастан келесі айналымда жарысқа қайта қосылмақ. 
Бұл күні велошабандоздардың қызу бәсекесіне жаңбырлы күн де кедергі келтіре алмады. 

Владимир Парахин, велоспорттан олимпиадалық резервтегi балалар мен жасөспiрiмдер спорт мектебiнiң директоры:

 

-Қазір жарыс маусымының нағыз қызған кезі. Бүгінгі күннің қорытындысы бойынша маусымда Ресейдің Саран қаласында өтетін республикалық рейтингілік жарысқа баратын өңір құрамасы іріктелінеді. Ересек топтағы спортшылардың мақсаты бөлек. Ол – облыс құрамасына еніп, олимпиада чемпионы Александр Винокуровтың жүлдесіне республикалық көпкүндікке қатысу.

Велоспорттан олимпиадалық резервтегi балалар мен жасөспiрiмдер спорт мектебiнiң сүйінші жаңалығы да бар. Осы мектептің түлегі, жерлесіміз Бақтияр Қожатаев Астаналық кәсіби велоклубта екі жылдан бері жаттығып жүр. Кеше ғана “ДЖИРО дИталия” халықаралық кезеңі аяқталып, нәтижесінде олар командалық есепте бірінші орынды иемденді. Енді Бақтиярдың кандидатурасы олимпиада ойындарына қатысуға қарастырылып жатыр.

 

Акбопе Танирберген