МТРА жаңалықтары

СҚО-да мөңке балық күні өтті

Мөңке – тұқы тұқымдас қамыс түбіне көп үйірілетін балық. Сондықтан оны үркітіп алмай, жемтікпен алдап, қармаққа түсіру керек. Оны аулаудағы барлық айла-тәсілдерді Асхат Заикин жақсы білетін болып шықты.

Асхат, Заикин, балықшы:

-Балқышылыққа бұрыннан қызығушылығым жоғары. Бала кезден өзенде қармақ ұстап өстік. Қазір де достарымызбен жиі шығамыз. Бұл байқаудың өңірімізде ұйымдастырылып жатқанына қуаныштымын. Себебі біздің аймақта 20 мыңға жуық өзен-көл бар екен.

Балық аулау ерлердің ғана әуестігі дейтін болсаңыз қателесесіз. Бүгін ер-азаматтарға нәзікжандылар да бақталастық тудыруда.

-Сайысқа қатысушылырдың арасында бәсеке қыза түскен. Себебі балықшылардың бүгінгі олжасын қазылар алқасы салмағына, көлеміне, мөлшеріне қарап бағалайды. Нәтиже де жаман емес сияқты. Қармаққа мөңке көптеп ілігуде.

Балықшаларға су маржандарын аулау үшін 2 сағат уақыт берілді. Бақталастыққа ҚР спорттық балық аулау федерациясының президенті Алматы қаласынан арнайы келіп төрелік етті. Оның айтуынша дәл осы спорт түрі СҚО-да кенжелеп тұр.

Көзді-ашып жұмғанша берілген уақыт зу етіп, қатысушылар ауға түскен олжаларын кірге салып өлшеп жатты. Нәтижесінде ең көп балық аулаған Калык Жарапов болып шықты. Оның олжасы – 7 кг 180 гр.

Калык Жаров, балықшы, жеңімпаз:

-Жемге – арнайы иістендірілген арпа жармасын пайдаландым. Бұл иіске балық көптеп үйіріледі. Су жәндігі қармағымды бірінен кейін бірін қауып, алып шығып үлгере алмай қалған кез болды. Бірде мүлде балық қаппай қойды. Менің жеңіске жетуіме оларға тастаған жемім көмектесті.

Көл жағасында, ашық аспан астында бас аспаз Юрий Дубинин – ауланған балықтан уха сорпасын әзірлеуге кірісіп кетті. Аспаз бізге ерекше көженің құрамы жайлы айтып берді.

Юрий Дубинин, Қазақстан бас аспаздар қауымдастығының мүшесі:

-Картоп, пияз, кішкене шарап, көк шөп керек. Қазанда су қайнағаннан кейін барып мөңкені саламыз. Елу литр суға 10 кг балық керек. Бұл тағамды барша балықшылар жасай алады.

Дайын болған ас байқау қатысушылары мен жағажайдағыларға тегін үлестірілді. Жеңімпазға балықшыға қажет құралдар сыйға тартылды.

 

 

Акбопе Танирберген