Без категории

Петропавлдықтар саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алды

Таңат Сүгірбаев – “Асыл мұра” ғылыми орталығының жетекшісі:

-Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтарды ұрпақ білсін деп біраз жұмыстар атқарылуда. Алдымен оларға арналған ескерткіш ашылды. Содан кейін, 7-мыңнан астам адамның есімі жазылған “Қасіретті қабырға” ашылды.

Солтүстікқазақстанда саяси қуғын-сүргінге 8 мыңға жуық адам ұшыраған. Бүгінгі шарада тағдырдың тауқыметін тартқан осы азаматтар жайлы жазылған “Есімдері мәңгілік есте” кітабының тұсауы кесілді. Жаңа туындыны “Асыл мұра” ғылыми орталығы мен “Память” қоғамдық қоры бірігіп шығарған.

Таңат Сүгірбаев – “Асыл мұра” ғылыми орталығының жетекшісі:

-Бұл кітап 4 бөлімнен тұрат. Алғашқы бөлімде қуғын сүргінге ұшыраған жандардың өмірі, олардың көрген қиындықтары жазылған.

Бүгінгі шараға жастар да қатысуда. Оларға аға буын өкілдері саяси қуғын-сүргінге ұшыраған жандардың өмірін әңгімеледі.

Ботакөз Еркінбек – М.Қозыбаев атындағы СҚМУ студенті:

-Біз қуғын сүргінге ұшыраған адамдарды мәңгілік есте сақтауымыз керек. Өйткені, олардың қатарында қазақ тарихы мен әдебиетінің дамуына үлес қосқан жандар бар.

Сондай-ақ, жиында көрермендердің назарына кітап көрмесі ұсынылды. Мұнда, қуғын сүргінге ұшыраған жандардың өмірі жазылған бірнеше туынды бар.

 

 

 

Култанов Байболат