Қоғам

Петропавлда жаңа сауда орталығы ашылды

Виктор Шкуренко – «Низкоцен» дүкен желісінің иесі, РФ:

-Ресейдің Омбы қаласынан Петропавлға дейін небәрі 300 шақырымдық жер. Сол себепті, біз осында тағы бір сауда орталығын ашуды жөн санадық. Қазақстандық тұрғындар біздің сапалы тауарға қызығушылық танытады. Әсіресе, жергілікті адамдардың біздің азық-түлік пен киім-кешекке сұраныстары басым.

Дүкеннің ашылуына қала әкімі Марат Тасмағанбетов қатысып, салтанатты түрде нысанның таспасын қиды.

Кейін, шаһар басшысы сауда орталығының ішін аралады. Жаңа нысанның аумағы – 1600 шаршы метр. Дүкен сөрелерінде Қазақстан мен Ресейде өндірілген 10 мыңнан аса тауар түрі бар. Ет, сүт, ұн өнімдері, күнделікті тұрмысқа қажетті дүниелердің бәрін осы жерден табуға болады. Сондай-ақ, бұл жерде 30-дан астам жергілікті тұрғын жұмыспен қамтылып отыр.

Марат Тасмағанбетов – Петропавл қаласының әкімі:

-Дүкен Ресей Федарациясымен шекарааралық байланысты дамыту мақсатында ашылып отыр. Өзіме сауда орталығы өте ұнады. Жергілікті тұрғындардың да көңілдерінен шығады деп ойлаймын. Тауарлардың бағасы мен сапасы жақсы.

Сауда нүктесі ашылысымен іші лезде халыққа толып кетті. Олар сапалы әрі бағасы қолжетімді тауарларды сөмкелеп сатып алуда. Тіпті, адамдар кассалардың маңында да ұзын-сонар кезекте тұрды.

Айта кеткен жөн, Қазақстан мен Ресейде барлығы 57 «Низкоцен» дүкені бар екнен. Енді, өңірімізде көршілес елдің кәсіпкері тағы да осындай сауда орталықтарын ашуды жоспарлап отыр.

 

 

Култанов Байболат