МТРА жаңалықтары

Петропавлда спорттық бал биінен Қазақстан кубогы үшін ашық жарыс өтті

11 жасар Ансар мен 10 жасар Нүриянің спорттық-балдық бимен шұғылданып жүргендеріне 5 жылдың қасы болыпты. Осы уақыт ішінде балғындар көп жетістікке жеткен. Шет мемлекеттер мен елімізде өткізілген көптеген жарыстарда тұғырлы орындардан көрініпті. Бүгін де олардың жеңіске деген дәмесі зор.

Ансар Балхашбеков – жарысқа қатысушы, Астана қаласы:

-Бүгін біз екі рет биледік. Екеуінен де жүлделі орын алдық. Стандарттан бірінше орын алдық. Ал, латинодан екінші.Қазір біз посодоб биін билейміз.

Сахна төрінде жұптар самба, ча-ча-ча, румба, пасодобль, жылдам факстрот, вальс және танго да биледі.

Бүгінгі би додасын Астана, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Степногорск қалаларынан келген жоғары санатты халықаралық төрешілер бағалауда. Саханада еліміздің түкпір-түкпірінен келген 200-ге жуық би жұбы сынға түсті. Соның ішінде, өңіріміздің намысын 80 биші қорғауда.

Александра Еремеева – СҚО спорттық бал билері бойынша аға жаттықтырушысы:

 

-Балалар кейбір нөмірлерді өздері дайындайды, бірақ барлығы біздің би элеметтерімен байланысты. Бүгін бізде балалардың 22 нөмірі қойылады, бұл өте көп. Және де юниорлардың 5 қойылымы. Осы жарысқа Астана, Орал, Павлодар, Көкшетау қалаларынан қатысушылар келді.

Жарыс қорытындысы бойынша петропавлдық бишілер тұғырлы 1-ші, 2-нші, 3-ші орындардан көрінді. Би сайысының соңында жас ерекшеліктері бойынша жеңімпаздар дипломдар , кубоктар және медальдармен марапатталды. Сонымен қатар, жыл қорытындысы бойынша ең үздік деп танылған 38 жұпқа “Экзерсис -2016” сыйлығы табыс етілді.

 

Тоғжан Ақмағамбетова