Спорт

Петропавлда “Олимпиада күні” өтті

Ирина Эктова – жеңіл атлетикадан ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері:

-Олимпиада ойындары қарсаңында жерлестеріміз бізді қолдап осындай іс-шара өткізуде. Бұл үшін тұрғындарға үлкен алғысымды білдіремін. Енді жарыста теріскейліктердің сенімін ақтауға тырысамыз. Олар бізге үлкен үміт артып отыр.

Міне шараның ең қызықты сәтінеде кезек келді. Алдымен жарыс жолына кішкентай жастағы балғындар шықты.

Олар 100 метрге жүгіріп бақтарын сынады. Мәре сызығына жеткенше балғындар тартысты жарыс ұйымдатырды. Кейін спорт сүйер қауым мен студенттер және мектеп оқушылары сыйысты. 3 топқа бөлінген тұрғындар 400 метрге жүгірді.

Рүстем Есенбергенов – шараға қатысушы:

-Өзім жаңа ғана 400 метр жүгіріп келдім. Олимпиадаға баратын жерлестерімізге сәттілік тілеймін.

Тамыз айында Бразилияда өтетін жаһандық жарысқа әзірге 3 жерлесіміздің қатысатындығы белгілі. Енді тағыда 4 спортшымыз дүбірлі додаға жолдама алу сайыстарда бақ сынайды.

 

 

Култанов Байболат