Спорт

Петропавлда боулингтан “Қала кубогы” турнирі ұйымдастырылды

Гүлнәр Мурсалимова – «Bowling Centre №1» ойын-сауық кешені директорының орынбасары:

-Бұл жарысқа кез келген адам қатыса алады. Жас ерекшелігіне шектеу жоқ. Әйелдер мен 12 жасқа дейінгі балаларға әр ойында 8 ұпай қосылып отырады. Жарыс қорытындысы бойынша қатысушылардың барлығына бильярд және боулинг ойындарына 1 сағатттық флаер беріледі және караокеда 2 әнді тегін айтуға мүмкін алады.

Сайыс үш кезеңнен тұрады. Алғашқысы – іріктеу, екіншісі жартылай финал болса, соыңғысы – ақтық кезең. Соңғысына 8 адам қатысады. Олар ұпай сандары бойынша “А” және “В” топтарына бөлінеді. Қазір, әзірге көш басында Александр Штенцель тұр. Оның қоржынында 437 ұпай бар. Бүгін жеңістен дәмелімін дейді.

Александр Штенцель – жарысқа қатысушы:

-Бастапқы кезде боулингті достарыммен көңіл көтеру үшін ойнайтынмын. Кейін осы спортқа деген құмарлық оянды. Содан түрлі сайыстарға шақыра бастады. Қатысып жүрміз. Әзірге, жеңіп көрген жоқпын. Осы жолы 1-ші орынды иеленемін деген ойдамын. Қарсыластар да осал емес екен. Көптен бері ойнап жүргендер бар.

Сонымен іріктеу кезеңі аяқталып, жартылай финал басталды. Мұнда жарысқа алғаш рет қатысып отырған Наталья Попова өз бағын сынауда. Әзірге, нәзік жандының айы оңынан туып отыр. Бастапқыда іріктеу сыннан да өте алмаймын деп ойлаған ол, жартылай финалдан бір-ақ шықты. Ендігі мақсатым ақтық сынға жетіп, жүлдеге ілігу дейді.

Наталья Попова – жарысқа қатысушы:

-Маған боулинг ойыны ұнайды. Әрдайым құрбыларыммен, отбасыммен осында келіп уақыт өткіземіз. Маған турнир болатыны жайында осы орталықтың әкімшілігі айтты. Өз бағымды сынауды жөн көрдім. Қазір, әзірге жолым болып тұр. Осы қарқыннан таймау керек.

Турнир қорытындысы бойынша “А” тобында Роман Смирнов жеңімпаз атанды, ал “В” тобында Матвей Крысенкоға тең келер ешкім болмады. Барлығы кубок және дипломдармен марапатталды.

 

 

Риат Шони