Мәдениет

Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театры 129-шы маусымды қорытындылады

Ал басты рөлдердің бірін Константин Демидов сомдауда. ЖОО-ын техникалық мамандық бойынша тамамадаған ол сахна мәдениетін университет қабырғасында ұйымдастырылған үйірмеде үйреніпті.

Константин Демидов – Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрының әртісі:

-Мен бұл спектакльде директор Маурисьоның рөлін сомдаймын. Басты кейіпкер болғандықтан оны аша түсу сәл қиынға соқты. Өйткені, оның мінезі құбылмалы. Қойылым барысында бірнеше рет ауысып тұрады. Көрерменге жақсы әсер сыйлай алдым деп ойлаймын.

129-шы театр маусымында тетар труппасы 5 спектакльдің премьерасын өткізді. Оның екеуі балаларға арналса, қалған 3-уін ересектер тамашалаған.

Спартак Рамазанов – Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрының директоры:

-129-шы театр маусымы есте сақталарлықтай болды. Қазақ хандығының 550 жылдығына орай «Сұлтан Бейбарыс» қойылымы қойылды. 01:07-29/ Облысымыздың 80 жылдығы қарсаңында театрымыз 130 маусымын ашады. Ол күндері апталық мерекелік шаралар өткізіледі. Қазір соған орай, дайындықтар жүргізіліп жатыр.

Жаз мезгілінде өңір әртістері гастрөлдік сапарға шығып, еліміздің бірнеше қалаларын араламақшы. Ал мерейтойлық 130-шы театр маусымын ашу қазан айына жоспарланып отыр.

 

 

Айгерим Ержанова