Білім

Білім саласында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту

Тұрғындардің көбі уақытын жоғалтпай барлық қызмет түрін бір жерден алу үшін электронды үкімет порталына жиі жүгінетін көрінеді. Бүгінгідей жиындар жиі өте бермейді. Сондықтан, залға жиылғандар білім саласының басшыларына өздерін мазалаған сауалдарын жолдады.

Тамара Аушакимова – ата-ана:

-Немерем биыл 1-ші сыныпқа барады. Біз 10-шы мектептің жанында тұрамыз. Алайда, ол оқу орны немеремді алмай жатыр. Өйткені, сіздер 1-ші мектепке қарайсыздар дейді. Қызым 3 айлық баламен үйде отырады. Жалғыз өзі екі баланы асырап отыр. Біз күйеуім екеуміз ауырамыз. Баланы күнде алыс орналасқан мектепке апару қиын болады. Осы мәселені шешуге көмектессеңіздер деймін.

Гүлмира Кәрімова – Петропавл қаласы білім бөлімінің басшысы:

-10-шы мектеп өз шағынауданы бойынша барлық балаларды қабылдайды. Олар бұл жұмысты аяқтаған соң, кейін сол мектепке барғысы келетін балғындарды қабылдайды. Сондықтан, бұл мәселе оң шешілуі тиіс деп ойлаймын.

Ал қызметтердің дұрыс орындалуы ведомство мамандарының жіті бақылауында. Ағымдағы жылдың 4 айында білім беру мекемелері 1662 мемлекеттік қызмет көрсетіпті. Тағы жиын барысында жалпыға бірдей білім беру қорына биыл қанша қаржы бөлінгені туралы сауал түсті.

Шолпан Каринова – СҚО білім басқармасының басшысы:

-Биыл облыс бойынша жалпыға бірдей білім беру қорына 216 млн теңге бөлінді. Оған сай әр мектепте аз қамтылған отбасыдан шыққан балғындардың тізімі жасалады, биылғы оқу жылы ондай оқушылардың саны 9 мыңнан асып жығылады.

СҚО мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департаменттің мұрындық болуымен ұйымдастырылған мұндай жиынды алдағы уақытта өзге салалар да өткізілбек.

 

 

 

Магжан Ахмадина