МТРА жаңалықтары

СҚО Әділет департаментінде жаһандық индексінде Қазақстанның көрсеткішін арттыру жайы талқыланды

Қазір еліміз аталмыш рейтингте 140 мемлекеттің арасында 42-ші орында тұр. Мұнда басты рөлдердің бірін бизнестің қарқынды дамуы алады. Ол үшін Қазақстанда барлық жағдай жасалған. Түрлі үрдістер, мәселен, рұқсат ету құжатын алу оңтайландырылған. Бір ғана әділет департаментінде бүгінде 19 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Ол кәсіпкерлерге тіркеу мен қайта тіркеуге арналған түрлі анықтамалар. Енді бұлар бір тәуліктің ішінде беріледі. Ал бұған дейін 10 күн кеткен. Жыл басынан 29 мыңға жуық теріскейлік бұл қызметтерді пайдаланыпты.

Руслан Қақтай – СҚО Әділет департаменті басшысының міндетін атқарушы:

-Елбасы “Қазақстан-2050″ Стратегиясы” атты халыққа Жолдауында кәсіпкерлерді жан-жақты қолдау керектігін айтты. Біздің мақсатымыз – әлемнің озық дамыған 30 елінің қатарына ену. Әділет министрлігі қазір бизнесті еш кедергісіз дамыту жағында қарқынды жұмыс істеп жатыр.

 

Риат Шони