Мәдениет

ҚР ҰҰ әскери институтында Қырғызстаннан келген 28 сарбаз оқиды

Олар өз дәстүрлері мен тілдерін насихаттап жүреді. Курсант Ақжол Жиенбаев та біздің өңірге екі жыл бұрын келіпті. Бүгін ол жолдастарымен қырғыз ұлттық биін билеуде. Қимылдары да бидің әуені де біздің қара жорғамызға ұқсас. Жас сарбаз қазақ пен қырғыздың дәстүрі де тілі де бір тек араларын Алатау бөліп тұр дейді.

Ақжол жиенбаев, ҚР ҰҰ Әскери институтының курсанты:

-Қазақтардың да қырғыздапрдың да ұлттық тағамы – бесбармақ. Билері де бір. Тілдері де ұқсас. Тек қазақта 42 әріп, бізде 36. Айырмасы рсы. Біздің институтта сабақ орыс тілінде өтеді. ДОстарымызбен қазақша сөйлееміз, ал қарғыз балалары өз арамызда, сабақтан кейін қырғыз тілінде сөйлесеміз.

Қырғыз елінен келген жас курсанттар бүгінгі шараны ҚР Тәуелсіздігінің – 25 жылдық мерейтойына арнаған. Бүгінде өңірде 500-ге жуық қырғыз ағайындар мекен етеді. Болашақ офицерлер де оған мүше.

Ұлықбек Маматеменов, «Манас-Петропавл» қоғамдық бірлестігі жетекшісінің орынбасары:

-Қырғыз қазақ бір туған. Сондықтан біз осылайша түрлі шараларды ұйымдастырып, осы елде де өз дәстүріміз бен тілімізді дәріптеп жүреміз.

Курсанттардың бірі кезінде қырғыз жыршылары таңды-таңға жалғап айтқан әйгілі “Манас” жырынан үзінді орындады.

 

 

Акбопе Танирберген