МТРА жаңалықтары

“Forte Bank” АҚ өз клиенттеріне арнап тиімді акциялар ұйымдастыруда

Бұлбұл Ахмадиқызы – акция жеңімпазы:

-Мен қазір өзіммен бірге ақша алып жүрмеймін. Банктің картасымен төлемдер жасай беремін.

Шынымен де “Forte Bank”-тің картасымен төлем жасау ыңғайлы.
Оны “Квазар-Сервис” серіктестігінің кассир-есепшісі Светлана Жукова да растай алады. Өз жұмысында ол “Forte Bank”-тің POS-терминалын пайдаланады. Міне, қондырғы арқылы жиі операциялар жасай отыра Светлана “Forte Bank”-тің “Арнайы ұсыныс” акциясының жеңімпазы атанып отыр.

Светлана Жукова – “Квазар-Сервис” ЖШС кассир-есепшісі:

-Біз “Forte Bank”-пен өткен жылдың қараша айынан бастап әріптеспіз. Олар әрдайым өздерінің акциялары жайлы хабарлап отырады. Осы жолы қатыстық. Жолым болды. Өте қуаныштымын. Негізі аталмыш қаржы институтының POS-терминалын пайдалану өте тиімді. Байланыс үзілмейді. Біздің серіктестікте үш банктің қондырғысы бар. Бірақ, “ForteBank”-тікін жиі пайдаланымз.

Негізі 50 мың теңгені кез келген кассир немесе сауда нүктесінің қызметкері ұтып ала алады. Бастысы “Forte Bank”-тің POS-терминалы болу қажет. Олардың саны қалада 120-ға жуық. Шарт бойынша терминалдан өтетін ақша айналымы кем дегенде 20 пайызға арту керек. Жеңімпаздар әр екі апта сайын белгілі болып отырады. Жүлде қоры – 7,5 млн теңге. Бұл шара тамыздың 31-не дейін жалғасады.
Ал “Ұтымды сауда” акциясының шарттары өзгеше.

Ерлан Оспанов – “Forte Bank” АҚ эквайринг және жалақы жобалары бағыты бойынша бас менеджері:

-Ұтымды сауда” акциясында қатысушылар төлемді біздің банктің пластикалық карталары арқылы жиі жасап отырса, онда оның жеңіске жету мүмкіндігі ұлғая түседі. Бұл акция 15 маусымға дейін жалғасады. Бұған кез келген адам қатыса алады. Егер де сізде әлі “Forte Bank”-тің картасы болмаса, біздің кеңсеге келіп рәсімдей аласыз. Сол сәтте автоматты түрде акция қатысушысы атанасыз.

Бүгінде “Forte Bank”-тің ел бойынша 19 филиалы бар.

 

 

Риат Шони