МТРА жаңалықтары

Петропавлда “Теңіз жиһанкездері” атты көрме ашылды

Юрий Романов – шебер:

-Кемелерді дұрыс құрастырған жөн. Егер де жұмыстың бір жерінде қате кетсе туынды сапасы жағынан нашар болып шығады. Мен өзім бір жұмысқа 2-3 жылға дейін уақыт жіберемін. Өзімнің сүйікті ісімнен ешқашан ерінген емеспін. Болашақта тағы тамаша еңбектер жасаймын.

Ал, мына бұрышта Юрий Романовтың радио арқылы басқарылатын еңбектері қойылған. Бір қызығы, бұл туындыларды оталдырып суға жіберсе, олар 50 метрге дейін жүзе алады екен. Қарапайым пластиктан жасалған кемелермен автор әуесқой шеберлердің арасында өтетін түрлі жарыстарға қатысуды әдетке айналдырған.

-Көрмеге қаз-қатар қойылған кеме көшірмелерін тамашалай келе олардың асқан шеберлікпен жасалғандығын байқауға болады. Мәселен, мына туынды адамдардың назарын бірден өзіне аудартады. Автор өзінің қолөнер жұмысында темірді, ағашты және пластик бөлшектерін пайдаланған екен.

Көрмедегі кемелер барлық адамдар үшін қызық. Әсіресе, бұл қолөнер бұйымдары кішкентай балғындарға ұнауда.

-Маған көрмедегі кемелер қатты ұнады. Олар өте әдемі жасалған.

Петропавлда “Теңіз жиһанкездері” атты көрме жаз бойы жұмыс істейді.

 

 

Култанов Байболат