Білім

Петропавлда мектепке дейінгі ұйымдар арасындағы “Үздік педагог” байқауының облыстық кезеңі өтуде

Диана Бәкірова Булаев қаласындағы «Балдәурен» балабақшасының тәрбиеші. Бес жылдық еңбек өтілі бар маман байқауға тыңғылықты дайындалыпты.

Диана Бәкірова – “Балдәурен” балабақшасының тәрбиешісі, М.Жұмабаев ауданы:

-Авторлық жобам бар.Жобаның аты “Булаев менің сүйікті қалам!” Және де макороннан дайындалған бұйымдар.

Аталмыш сайысқа 12 үздік тәрбиеші қатысуда. Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқау тәрбиешілердің кәсіби деңгейін шыңдап, біліктілігін арттыруға септеседі.

Балерке Сәдуақасова – “Білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығының әдіскері:

 

-Бүгінгі мектепке дейінгі ұйымдар арасындағы өтіп жатқан “Үздік педагог” байқауы тәрбиешілердің кәсіби құзыреттілігін арттырып, педагогикалық шеберлігін ынталандырып,кәсіби шеберліктерін көтереді. Байқау 4 турдан тұрады.

Байқау қорытындысында тәрбиешілерге дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталмақ. Ал, үздік ұстаз атанғаны республикалық кезеңге өтеді. Ондағы басты жүлде – қомақты ақша.

 

Тоғжан Ақмағамбетова