Аптадағы маңызды жаңалықтар

Петропавлда Демократиялық күштердің Солтүстік Қазақстан облыстық коалициясының жиыны өтті

Гүлбақша Мұсабаева – “Urpaq” қазақ мәдени-ағарту орталығының төрайымы:

-Расында да, біздің саяси тәжірибеміз көрсетіп отырғандай, қару-жарақтан барлық елдер бас тарту керек. Соның ең басты үлгісі – біздің Қазақстанымыз. 1991 жылы әлі біздің еліміз, әскеріміз құрылған жоқ еді, бірақ Президентіміз оған қарамастан батырлық танытып, әлем елдеріне үлгі көрсетті.

Жиында еліміздегі саяси партиялардың жергілікті филиалдарының өкілдері де сөз алып, құжаттың маңыздылығына тоқталып өтті.
Бұдан кейін соңғы кездері қоғамда үлкен дау тудырған жер реформасы талқыланды.
Осы саладағы өзгерістерді азаматтарға жілік-жілігімен түсіндіріп беру – саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйым өкілдеріне жүктеліп отыр.

Серік Ахметбеков – “Аграрлық несие корпорациясы” АҚ СҚОФ директоры:

-Өздеріңізге белгілі, Президентіміз Жер Кодексіндегі жаңа өзгерістерге уақытша тоқтатқан болатын. Негізі елімізде игерілмей, қараусыз бос жатқан жайылымдық және егістік жерлер қаншама?! Менің ойымша, қай жер телімін алып қарасақ та ол жердің нақты иесі болуы тиіс. Сондықтан да біз бүгінгі отырыста осы мәселені жан-жақты қарастырып, тұшымды ойларымызбен бөліспекпіз.

Басқосу соңында Демократиялық күштердің жергілікті коалициясының өкілдері жер реформасына қатысты өңір тұрғындарынан келіп түскен ұсыныс-тілектердің бірін де назарсыз қалдырмай, облыстық жер комиссиясына жолдайтындықтарын жеткізді.

 

 

Бакыт Садуакасов