МТРА жаңалықтары

Жердің құнарлы бөлігін заңсыз пайдаланушылар анықталды

Мұнда қаскөйлердің жердің құнарлы бөлігін сату үшін алып жатқандығы анық көрініп тұр. Қазір ауыр техникамен сырылып тасталған жер, анадайдан көзге басылады. Жалпы жыл басталғалы қадағалаушы орган өкілдері табиғатқа зиян келтірген осындай 4 фактіні анықтапты.

Айдос Кеңбейілов- СҚО мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының прокуроры:

– Ол жер заңнамасын бұзу фактілері болып есептеледі. Кінәлілер ҚР Әкімшілік Кодекстің 137 бабы 1 тармағы заңсыз жердің құнарлы қабатын алу бойынша жауапкершілікке тартылады. Оған сай жеке тұлғалар-10, шағын бизнес субъектілері-30, ал орта бизнес өкілдері-50 АЕК айыппұл төлейді.

Аталған факті бойынша қазір ұсталған трактор жүргізіушісі 20 мың теңгеден астам айыппұл төлейтін болады. Тағы жыл басынан жер қойнауындағы балшық, құмды заңсыз өндірудің 3 фактісі тіркелді.

Айдос Кеңбейілов- СҚО мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының прокуроры:

 

– Аталған фактілер бойынша кінәлілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Осы ретте солтүстікқазақстандықтарға айта кетерім, жер,құм мен балшық ол табиғи байлықтар болып саналады. Сондықтан қоршаған ортаға залал келтіргендер міндетті түрде жазаланатын болады.

Қадағалаушы орган өкілдері,осындай фактілер анықталса, солтүстікқазақстандықтарды міндетті түрде олар жайлы хабарлап, табиғатты қорғауға үлес қосуға шақырады.

Магжан Ахмадина