Спорт

Солтүстікқазақстандықтар тай боксынан Қытай елінде өткен халықаралық жарыста жеңімпаз атанды

Мәселен, жақында ғана ол Қытай елінде өткен халықаралық кәсіби ұрыста бағын сынады. Мұнда ол 80 келі салмақта өнер көрсетіп, екі қарсыласын да жеңген.

Иван Ван-Хон-Тун – СҚО тай боксынан аға бапкері:


–  Дрим хироу турнирі өте қызықты өтті. Бұл додада мен қытайлықты жеңдім. Шет елде жүрсек те жерлестеріміздің қолдауын сезіндік. Тіпті, ол жақтағы кейбір адамдар біздің елді танып, бізге жанкүйерлік етті. Бұл әрине, кез келген спортшының рухын көтеретіні анық.

Ал Саид Сұрағанов тай боксымен 10 жылдан астам айналысады. Жерлесіміз әлемдік және халықаралық деңгейдегі жарыстарға қатысқанды жаны сүйеді. Өйткені мұндай сайыстарда өзіңді сергек сезініп, еліңнің үмітін ақтауға барынша тырысасың дейді.

Саид Сұрағанов – тай боксынан халықаралық дәрежедегі спорт шебері:

– Қытайда өткен жарысқа мен де қатыстым. 80 келі салмақта өнер көрсетіп, қарсыласымды ойсырата жеңдім. Жалпы мұндай сайыстарда мойыныңда үлкен жүк тұрғанын сезінесің. Ал кейін жеңімпаз атанып, еліңнің көк туы желбірегенде кеудеңде зор мақтаныш сезімі ойнайды. Дәл сол кездегі сәт көз алдыңда ұмытылмай сақталып қалады екен.

Күншығыс елінде өткен сайысқа Қазақстан мен Өзбекстан, Тайланд пен Қытай және Ресей елінің спортшылары жиналған. Халықаралық бұл додада қазақстандықтар үздіктер қатарынан көрінді. Енді мамырдың 27-сі күні жерлестерімізТашкент қаласына жол жүрмек. Ол жақта спортшылар Әлем Чемпионаты кубогы үшін бақ таластырады.

Айгерим Ержанова