Спорт

Петропавлдық “Қызыл-Жар СҚ” ФК елордалық “Астана” құрамасына есе жіберді

Мұндай жоғары деңгейдеді қарсылас Петропавлға осыдан 7 жыл бұрын келіпті. Сондықтан болар “Қарасай” стадионында бүгін ине шаншарға жер жоқ. Жанкүйерлердің қолдауын сезінген жерлестеріміз “ә” дегеннен-ақ алға ұмтылды. Дегенменде астаналық тәжірбиелі аяқ допшылар біздің ойыншылардың адымын аштырмауда. Ал, өз кезектерін елордалықтар ұтымды пайдаланды. Бірінші таймның 33-інші минутында Премьер лиганың сұрмерген шабуылшысы Джордже Деспотович көзге түсіп құрамасын алға шығарды.

Бұдан соң ойын саябырсып, алғашқы сәттердегідей емес футболшылардың қарқыны басылды. Бірінші таймның қалған минуттарында қос құраманың аяқ допшылары нәтиже көрсетпей үзіліске тарады.

Көп кешікпей жасыл алаңда жігітердің тартысы тағы басталды. Екінші таймда ерте іске кіріспесе жеңісті ауылы алыс болатынын сезінген жерлестеріміз алға ұмтылды. Бірақ тағы нәтижесіз. Осы сәтте қызылжарлық қорғаушылар мен қақпашының өрескел қателігін пайланған тағы да сол Джордже Деспотович дубль авторы атанды. Ал, бұдан соң жергілікті футболшылар көсілді. Матчтың 69 минутта Андрей Бурцев допты қарсылас қақпаға тоғытып, жанкүйерлерді төбесін бір көтертіп тастады.

Осы сәтте ойын қызды. Жерлестерімізде жеңісті қонақтардан жұлып алатын мүмкіндік болған. Дегенменде елордалық жартылай қорғаушы Асхат Тағыберген айып алаңының сыртынан допты шірене тартып, таблодағы есепті 1-де 3-ке жеткізді. Ал, кездесудің 80-інші минутында қызылжарлық Бошко Ступич Александр Мокиннан айласын асырып тамаша голды өз есбіне жазды.

Осы минуттарда жерлестеріміз үшін үміт оты қайта лаулап жанған болатын. Дегенменде елордалық ойыншылар қорғаныста жамбастап жатып алаң иелеріне есепті теңестіруге мүмкіндік бермеді. Көп кешікпей төреші ысқырығы шалынып матч аяқталды.

Евгений Аверченко – “Қызыл-Жар СҚ” ФК жартылай қорғаушысы:


–  Бізге бұл ойында тәжірбие жетіспеді. “Астана” құрамасы Премьер лигада өнер көрсетеді және Чемпиондар Лиасының топтық кезеңінде ойнады. Мықты ойыншылардан жасақталған. Дегенменде біз барымызды салып күш сынастық. Бізді қолдаған жанкүйерлерге алғысым шексіз.

Енді “Қызыл-Жар СҚ” өз алыңда келесі матчты маусымның 5-і өткізеді. Онда жерлестеріміз шымкенттік “Қыран” командасымен кездеспек.

 

Култанов Байболат