Қылмыс

Петропавлда героин сатқан қоғамдық көлік жүргізушісі құрықталды

Диана Смағұлова – Петропавл қалалық есiрткi бизнесiне қарсы күрес бөлiмiнiң аға жедел уәкiл:


–  Күдікті «ДСР – Жұмысшы кенті» бағытында қатынайтын 7-ші қоғамдық көлікте жұмыс істеген. Қала тұрғыны бір жарым грамм героинды жұмыс уақыты кезінде сатқан.

Қазір аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. Құқық қорғаушылар аталған істің мән-жайын мұқият анықтап жатыр. Олар енді қоғамдық көлік жүргізушісі қызмет атқарған мекемені де тексермек.

Диана Смағұлова – Петропавл қалалық есiрткi бизнесiне қарсы күрес бөлiмiнiң аға жедел уәкiл:


–  Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 296 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Анықтай келгенде күдіктінің облыстық наркологиялық орталығында тіркеуде тұрғандығы анықталды. Сондай-ақ, қала тұрғыны бұрын бірнеше рет ұрлық жасағаны үшін сотталған.

Арам жолмен ақша таппақ болған қала тұрғыны енді 7 жылға темір торға тоғытылуы мүмкін. Жалпы жыл басынан Петропавлда тәртіп сақшылары заңсыз айналымнан 100 келіден аса есірткінің әр түрін тәркілепті. Оның 104 грамы – героин.

Култанов Байболат