Ауыл шаруашылығы

Солтүстікқазақстанға Румыния елінен 22 инвестор келді

Теріскейлік тауар өндірушілер жыл сайын 500 мың тонна ақ дайындайды. Өңірімізде, сондай-ақ, егін егу саласы да алға басқан. Диқандарымыз жыл сайын 1 жарым миллион тонна бидай, 150 мың тонна ұн және 200 тонна майлы дәнді-дақылдарды шет елге экспорттайды.

Мұхтар Манкеев, СҚО әкімінің орынбасары:


–  Біздің өңірден шығатын сапалы өнім еліміз бен әлем мемлекеттерінің көпшілігінде сұранысқа ие. Жыл сайын тауар айналымын арттырып келеміз. Ал, мал шаруашылығына келетін болсақ, теріскейге шетелден 11 мың бас ірі қара әкелінді. Қазір өлкеде асыл тұқымды малға арналған 45 бордақылау алаңдары жұмыс істеп тұр.

Жиында шетелдік тауар өндірушілер де өздерінің жұмыс тәжірбесімен бөлісті. Оларда 9,5 миллион гектар жерге егін егеді екен. Бұл шамамен біздің облыспен салыстырғанда екі есеге көп. Сондай-ақ, Румынияда ауа райы қолайлы болғандықтан жылына 2 рет ырыс дәнін себеді. Одан шаруалар әр гектардан 6-7 тоннадан астық жинайды екен.

Ситару Николя – Румынияның оңтүстік өңірлік бидай және техникалық дақылдар дайындау ассоциациясының президенті:


–  Сіздерде ауылшаруашылығы өте жақсы қарқынмен алға басып келеді. Румынияда астық берекелігі нашар. Сол себепті, біздің диқандар шет елдерге шығып, тәжірбие жинайды. Биыл, міне, Солтүстік Қазақстанда болып, тұқым түрлерімен таныстық және егін егудің тың тәсілдерімен таныстық. Енді өзімізге барғасын бұның бәрін қолданмыз. Мүмкін сіздерге инвестиция құйып, бірлесіп жұмыс істерміз.

Жиын соңында Мұхтар Манкеев алдағы уақытта румындық меймандармен әріптестікке біздің тауар өндірушілер дайын екендігін білдірді. Айта кеткен жөн, теріскей жеріне шетелдік 22 инвестор осыдан екі күн бұрін келген болатын. Осы уақыт ішінде қонақтар өңірдің ірі шаруашылықтарын аралап, жергілікті аграрийлермен тәжірибе алмасты.

Култанов Байболат