Білім

Өңір мектептерінде соңғы қоңырау соғылды

Осынау сәтте ұстаз берген білімді бойларына сіңірген мектеп түлектері жауапты өмірге қадам басқалы тұр. Биыл Қызылжар ауданындағы Парасат мектеп-гимназиясының 12-ші түлектер легі – 19 оқушы алтын ұяларынан қанат қақпақ. Бұл күні түлектердің қуанышына ортақтасқан өңір жетекшісінің орынбасары Анархан Дүйсенова мектеп бітірушілерге сәт-сапар тіледі.

Анархан Дүйсенова, облыс әкімінің орынбасары:

– Жас түлектерге алдағы сыннан сүрінбей өтеріне сенеміз. Болашақтарың жарқын болсын, ақ жол тілейміз.

Галстук байлаған бозбалалар мен ақ бантик, ақ фартук тағынған бойжеткендер. Олардың әрқайысының жанарынан қимастық сезімі көрініп-ақ тұр. Мектепке тарыдай болып кіріп, таудай болып шығып жатқан түлектердің бірі – Альмира Әбішева. Талапкер – Парасат мектеп лицейінен “Алтын белгіге” ұсынылған жалғыз үміткер. Қобалжуын жасырмаған түлек мектеп қабырғасында алған білімімді үлкен сынақ – ҰБТ-де дәлелдеп, ұстаздарымның үмітін ақтасам дейді.

Альмира Әбішева, “Парасат” мектеп-лицейінің түлегі:

– ҰБТ-ден жоғары бол жинап, алтын белгіні иемдену мақсатым. Қобалжып тұрмын.

Үлкен өмірге қадам басқан қыз-жігіттер ұстаздарына қоштасу вальсін арнады.

Бүгінгі шарада түлектерден артық қоблажып тұрған жандар бар. Құшақ толы гүлдерін ала келген ата-аналар балаларымыз елдің дамуына еңбек ететін азамат болса дейді.

Осынау сәтте түлектердің жүректері лүпіл қағып, бойларында қимастық пен қуаныш сезімдері араласып тұрды. Міне, көптен күткен сыңғырлаған қоңырау үні де естілетін сәт жетті.

Бұл күні ұстаздар мен мектеп әкімшілігі де түлектерін қимастықпен шығарып салуда.

Сағат Елеукина, “Парасат” мектеп-лицейінің директоры, Қызылжар ауданы:

– ӨЗ шәкірттерім ел дамуына үлес қосатын үлкен азамат болып шықса деймін. Бастысы алда тұрған снақтан сүрінбесе.

Салтанатты шарадан соң өңір жетекшісінің орынбасары Анархан Дүйсенова Парасат мектеп-лицейінің ішін аралап, білім ошағының материалдық- техникалық базасын көрді. Аудандағы білім ұяларының жетістіктері мен мектеп жанындағы жазғы лагерьлердің жұмысымен танысты.

Ақбөпе Тәңірберген:

 

– Бүгін Қызылжар ауданында 219 оқушы үшін мектеп қоңырауы соңғы рет сыңғырлады. Ол оның ішіндегі 157 ұл-қыз бірнеше күннен кейін өздері үшін маңызды сынақ ұлттық бірінғай тестілеуден өтпек.

Акбопе Танирберген