Құқық қорғау органдары

Жеке күзет ұйымдарымен ІІД қадағалау кеңесі өтті

Солардың тек 72-сі ғана нақты жұмыс істейді, қалғандары қағаз жүзінде. Осы кәсіпорындардың мамандары күн сайын 4 мыңнан астам әлеуметтік нысанды бақылайды. Тағы олар полицейлермен бірге қоғамдық тәртіпті қадағалауға көмектеседі.

Берік Біләлов- СҚО ІІД бастығы:


–  Күн сайын қоғамдық тәртіпті қадағалауға күзет қызметінің мамандары тартылады. Олар тәртіп сақшылармен бірге жаяу патрульдің құрамында жұмыс істейді. Радиоқабылдағыштар арқылы қылмыскерлердің белгілерін тапсырып, үнемі байланыста болады.

Кейін жиында үздік деп танылған күзет қызметтері медаль және грамоталарға ие болды. Медаль алғандардың бірі – «Күзет» ЖШС Петропавл қаласы бойынша директоры Абжат Темешев. Аталмыш ұжамның Қазақстанның 4 қаласына филиалы бар. Бізде 6 жыл бұрын ашылыпты.

Абжат Темешев- «Күзет» ЖШС Петропавл қаласы бойынша директоры:

– 170 адам еңбек етеді. 2 мобильді машина бар. Қару-жарағымыз бар өзіміздің. Былтырғы жылы жақсы көрсеткішке жеттік. 5 қылмысты ашты ұжымымыз. Мында бізде арнайы оқу орталықтары бар. Сонда адамдарымызды жылда жіберіп тұрамыз. Олар жақсы тәлім-тәрбие алып бізге қайтадан келеді.

Жеке күзет қызметінің мамандары әсіресе, ұрылықтың алдын алуға септеседі. Жыл басталғалы олардың көмегімен 25 заңбұзушылық ашылған. Кездесу барысында жұмыстың нәтижесі ғана айтылмай, кемшін кетіп жатқан тұстар да талқыланды. Күзет қызметінің мамандары кей кездері оқиға орнына кешігіп жетіп, кейде тіпті қылмыскерлерден көз жазып та қалады екен.

Вадим Яценко- СҚО ІІД бөлім бастығы:

– Күзет қызметіне алынған мамандар сотталмаған және арнайы даярлықтан өткізілген болуы тиіс. Тағы жыл сайын жауынгерлер курстардан өтеді. Жыл басталғалы осындай талаптарды бұзған 4 агенттік әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Осы жылы алғаш рет өтіп отырған қадағалау кеңесіне ресейлік мамандар да қатысып, өз тәжірбиелерімен бөлісуде. Түменнен келген меймандар құқық қорғау органдарымен жекеменшік күзет қызметінің әріптесіп іс-қимыл жасауы өте пайдалы дейді.

Михаил Филиппов- Түмен облысының күзет кәсіпорындары қауымдастығы төрағасының орынбасары, РФ:

 

– Күзет қызметтерінің машиналары арнайы навигациялық бағдарламалармен жарақталған. Бұдан бөлек, біздерде қару-жарақ арнайы техника мен даярланған жаунгерлер бар. Олардың көмегімен біздер қылмыстарға уақытылы шығып тұрамыз. Тәртіп сақшыларына бұл айтарлықтай көмек.

Селекторлық режимде өткен жиында аудандық құралымдар да байланысқа шықты.

Магжан Ахмадина