МТРА жаңалықтары

24 мамыр – Славян жазуы мен мәдениетінің күні

Бұл – славян жазуымен бір уақытта пайда болған оқулық. Бүгінде С.Мұқанов атындағы облыстық әмбебап кітапханасының сөрелерінде мұндай көненің 200-ге жуық данасы жайғасқан. Әрқайсысының өз тарихы бар.

Юлия Пискунова – С.Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кiтапханасының ақпараттық-библиографиялық бөлімінің жетекшісі:


–  24-ші мамыр славян жазуы мен мәдениеті күні. Бұл мерекені біз жыл сайын атап өтеміз. Осыған орай биыл студенттерге арнап экскурсия ұйымдастырдық. Оларға славян әліппесінің пайда болу туралы ақпарат бердік. Тарихқа көз жүгіртіп, оларға көне кітаптарды көрсеттік.

Бүгінгі кездесу барысында студенттердің назары “Брокгауза мен Ефрона” энциклопедиялық сөздігіне түсті. Өйткені бұл кітаптың беттерінен Петропавл қаласы жайлы ақпаратты да кездестіруге болады.

Мұнда келгендердің дені ағайынды Кирилл және Мефодий мен славян жазбасының пайда болуы туралы әдебиет сабағынан құлағдар екен. Бірақ тарих қойнауына саяхат жасау ерекше әсер береді дейді олар.

Татьяна Карабельникова – Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінің 2-курс студенті:

– Халыққа жазуды қалыптастыру өте маңызды еді. Егер жазу болмаса онда елдің тарихы да мәдениеті де болмас еді. Бүгінгі шара маған өте ұнады. Бастысы біздерге пайдалы. Біраз тарихи ақпаратқа қанықтық.

Сонымен қатар, мұндағы мамандар студенттерге біздің заманда басылған сирек кітаптарды да көрсетті. Мысалы, мынау “Даналық әліппесі” баспасынан шыққан. Ерекшелігі, бұл оқулықтың мәтінді дауыстап шығаратын қаламы бар екен.

Бүгінде бұл кітапхананың қорында 3000 дана сирек кітап бар.Оның ішінде шығыс жазбалары, жергілікті тарихи және шағын баспалар мен классиктердің туындыларын да кездестіруге болады. Бірақ, оларды өзіңмен бірге үйге алып оқуға рұқсат берілмеген.

Айгерим Ержанова